Жаңалықтар

 Сүт безі обырының алдын алу
Онкологиялық аурулардың көп тараған түрлерінің бірі – сүт безі обыры. Ол алдын-ала емдесе, дауасы табылатын ауру екені соңғы кездегі тәжірибеден белгілі болып отыр. Сондықтан әрбір әйел жыл сайын маммографиядан өтіп, тексеріліп отыруды өмір дағдысына айналдырғаны абзал.
Тексеруден өту үшін қыз келіншектер жергілікті емханасы бойынша дәрігерлеріне баруы тиіс. Мұндай скриниг жұмыстары тегін жүргізіледі.
   Есіңізде болсын: Бала көтеруден тым ерте бас тарту немесе кештеу көтеру (30 жастан асқан соң), балаға емшек емізуден бас тарту, жиі-жиі түсік жасату, темекі мен араққа құмарлық және басқа да жағымсыз өмір салты, күн астында жиі қыздырыну, салбөкселік, яғни аз қозғалу, дұрыс тамақтанбау – сүт безі обырының пайда болуына басты себептер. Мұндай жағдайда әйелдердің сүт безі обыры 45 жастан асқанда пайда бола бастайды. Он жыл, он жылдан астам гормондық терапия препараттарын пайдаланған әйелдер де осындай қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін. Міне, осындай науқастар маммолог
дәрігердің қатаң бақылауында болып, жиі-жиі тексеріліп отыруы тиіс.
«Обыр – ағзаны байқатпай кеміретін, ең соңғы шегіне дейін білдірмей өсіп, тез дамитын ауру. Сол себепті одан сақтанудың бір ғана жолы – жүйелі түрде дәрігерлік тексеруден өтіп тұру. 35 жасқа дейін сүт безі ісігі сирек кездеседі. Десек те 18 жасқа толған әрбір азаматша маммологтың тексеруінен өтіп тұрғаны абзал. Мысалы, мастопатия – фиброздық-кистоздық аурудың белгісі білінсе, ол ісік ауруына айналып кетпеуіне кепілдік жоқ. Сондықтан осы аурулардың шеті білінісімен дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Дәрігер тексеруінен қорқатын ештеңе де жоқ: ауру белгісі неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл»-дейді.
Оны толық емдеуге болады. Ауру асқынып кеткен жағдайда да өмірден түңілудің реті жоқ. Кеудеге пластикалық ота жасалған соң сүт безі (емшек) бұрынғы қалпына келеді. Әрине, кім болса да сүт безі науқасын ота жасауға дейін жеткізбей, жаңа басталған кезінен бастап емдете бастаса ауру онша асқынбай. толық жазылып кетуіне бүгінгі медицина кепілдік бере алады.

 

УАҚЫТША САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?
Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.
Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:
• 1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;
• 2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
• 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі.

Qoldau 24/7 арқылы уақытша сақтандыру

Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).
Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;
• Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;

• Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;
• «Өтініш құру» нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;
• Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
• «Өтініш мәтіні» өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;
• Растайтын құжаттың фотосын немесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
• «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;

Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.

МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылуға болады?

1-қадам. Өзіңізге ыңғайлы жолмен сақтандыру мәртебесін анықтаңыз.

2-қадам. Көрсетілетін медициналық көмектің түрін анықтаңыз. Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, онда Қорға төленетін жарнаның мөлшерін есептеңіз.

3-қадам. Сақтандыру үшін МӘМС жарналарын төлеу әдісін таңдаңыз.

Қосымша ақпаратты www.fms.kz сайты, сондай-ақ Qoldau 24/7 қосымшасы немесе Saqtandyru-bot Telegram bot арқылы алуға болады.

Қоңыраулар 1406 МӘМС байланыс орталығында қабылданады.

*

[10:50, 09.11.2020] +7 705 616 8827: Как стать застрахованным в системе ОСМС?

Шаг 1. Определить свой статус застрахованности удобным для Вас способом

Шаг 2. Определить вид оказываемой медицинской помощи. Если вы не застрахованы, рассчитать размер взноса в Фонд

Шаг 3. Выбрать способ оплаты взносов на ОСМС, чтобы застраховаться

Дополнительная информация доступна на сайте www.fms.kz, а также в приложении Qoldau 24/7 и Телеграм-боте Saqtandyru-bot

Звонки принимаются в контакт-центре ФСМС 1406

Байзақ аудандық емханада облыстық инфекционист дәрігер - Пак Е.А, бас эпидемиолог дәрігер - Мирзабекова Г.Қ, Байзақ АОА-ның бас дәрігердің орынбасары Е.Т.Мұсабаевтың қатысуымен медицина қызметкерлеріне  халыққа медициналық көмек көрсету, карантиндік шаралар мен коронавирустық инфекция кезіндегі биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша семинар өткізілді.