Рыскулов Жандос Ордабайевич
 
 
 

Мен, Рысқұлов Жандос Ордабайұлы, 1975 жылы 25-сәуірде Тараз қаласында дүниеге келдім. 1982 жылы К.Маркс атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып,

1992 жылы аталған мектепті "Алтын белгімен" бітірдім.

          1992 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, 1998 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетінің "Емдеу ісі" мамандығын қызыл дипломмен бітірдім.

          1998 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде интернатурадан өттім.

          1999 жылдан бастап 2012 жылға дейін осы ауруханада хирург-дәрігер болып қызмет атқардым.

          2012 жылдан 2017 жылға дейін хирургия бөлімшесінің меңгерушісі және облыстық бас оташы болып жұмыс атқардым.

          2017 жылдан дейін 2023 жылға дейін бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келдім.

          2023 жылдың 19-қаңтардан бастап  Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалдым.

 

          Үйленгенмін. Екі қыз, бір ұлым бар.