Сүт безі обырының алдын алу
Онкологиялық аурулардың көп тараған түрлерінің бірі – сүт безі обыры. Ол алдын-ала емдесе, дауасы табылатын ауру екені соңғы кездегі тәжірибеден белгілі болып отыр. Сондықтан әрбір әйел жыл сайын маммографиядан өтіп, тексеріліп отыруды өмір дағдысына айналдырғаны абзал.
Тексеруден өту үшін қыз келіншектер жергілікті емханасы бойынша дәрігерлеріне баруы тиіс. Мұндай скриниг жұмыстары тегін жүргізіледі.
   Есіңізде болсын: Бала көтеруден тым ерте бас тарту немесе кештеу көтеру (30 жастан асқан соң), балаға емшек емізуден бас тарту, жиі-жиі түсік жасату, темекі мен араққа құмарлық және басқа да жағымсыз өмір салты, күн астында жиі қыздырыну, салбөкселік, яғни аз қозғалу, дұрыс тамақтанбау – сүт безі обырының пайда болуына басты себептер. Мұндай жағдайда әйелдердің сүт безі обыры 45 жастан асқанда пайда бола бастайды. Он жыл, он жылдан астам гормондық терапия препараттарын пайдаланған әйелдер де осындай қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін. Міне, осындай науқастар маммолог
дәрігердің қатаң бақылауында болып, жиі-жиі тексеріліп отыруы тиіс.
«Обыр – ағзаны байқатпай кеміретін, ең соңғы шегіне дейін білдірмей өсіп, тез дамитын ауру. Сол себепті одан сақтанудың бір ғана жолы – жүйелі түрде дәрігерлік тексеруден өтіп тұру. 35 жасқа дейін сүт безі ісігі сирек кездеседі. Десек те 18 жасқа толған әрбір азаматша маммологтың тексеруінен өтіп тұрғаны абзал. Мысалы, мастопатия – фиброздық-кистоздық аурудың белгісі білінсе, ол ісік ауруына айналып кетпеуіне кепілдік жоқ. Сондықтан осы аурулардың шеті білінісімен дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Дәрігер тексеруінен қорқатын ештеңе де жоқ: ауру белгісі неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл»-дейді.
Оны толық емдеуге болады. Ауру асқынып кеткен жағдайда да өмірден түңілудің реті жоқ. Кеудеге пластикалық ота жасалған соң сүт безі (емшек) бұрынғы қалпына келеді. Әрине, кім болса да сүт безі науқасын ота жасауға дейін жеткізбей, жаңа басталған кезінен бастап емдете бастаса ауру онша асқынбай. толық жазылып кетуіне бүгінгі медицина кепілдік бере алады.