Волонтер жылының "Саулық" жалпыұлттық аясында 2020жылдың 3 қараша күні"Таза жүрек"денсаулық керуені Ботамойнақ ауылдық округі Байзақ ауылында өтті.
Мақсаты: артериалық гипертонияның қауіпті факторлары туралы ,артериалық қан қысымның алдын алу шаралары туралы тұрғындарға көбірек ақпарат беру.Әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру,ақпараттануын жоғарылату, аурудың ауыртпалығын дұрыс бағалау,асқынушылыққа душар болмау мақсатында барлық топтардың арасында кең түрде насихат жұмыстары жүргізілді.
Байзақ аудандық емхананың кардиолог дәрігерлері Рысқұлов Т.С,Амангелді А. тарапынан 30 тұрғынға медициналық кеңес берілді.Іс-шара өту барысында ақпараттық оқыту материалдары таратылды.