Жаңалықтар
25.02.2021 жылы Байзак АОА Ана мен бала кызметінің басшысы Трушева Сайфижамал Уразбековна Байзак аудандык маслихатының отырысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында аткарылган жумыстар бойынша баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Ана мен бала қызметінің басшысы Трушева С.У., Байзақ аудандық аймақтық координатор Андабаева Л.Е. ана мен бала өлім жітімін азайту мақсатында Мырзатай дәрігерлік амбулаториясында, Абай дәрігерлік амбулаториясында медицина қызметкерлеріне оқыту-тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау саласынағы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған тапсырмасы бойынша облыс көлемінде кешенді іс-шаралар жоспары облыс әкімінің орынбасары Е. Жылқыбаевпен бекітілген. Осы жоспарға сәйкес Байзақ аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде әйелдерді шығару кезінде жаңа туған нәрестелерге арналған Ана мен балаға арналған қобдишасын, ақпараттық оқыту құралдарын Рахманова М, Байниязова Ұ, Құрбанбаева Д, Қуатбекова А жас аналарға салтанатты түрде табысталды.
Бүгін Байзақ аудандық орталық емханада жалпы білім беретін орта мектептерінің педагогтарына коронавирус инцекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасын егу науқаны басталды.
Бүгін 20 адамға вакцинация салынды.Вакцина ерікті түрде жүргізіледі.Коронавирусқа қарсы иммундау 2021 жылдың соңына дейін жалғасады.
Егу жұмыстарын жүргізу санитарлық- эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1наурыз "Алғыс айту күніне " орай Байзақ аудандық орталық емханада "Ашық есік күні "өткізілді."Ашық есік күні "аясында ауыл тұрғындар арасында терапевт, кардиолог, дәрігерге дейінгі көмек көрсету кабинетінде бой,салмағы,қан қысымы, қант,холестерин денгейі өлшенді.Қамтылған адам саны -82 адам.
1 наурыз "Алғыс айту күніне " орай Байзақ аудандық емхананың зейнеткер дәрігерлері Алиханова Ж-күндізгі статционар дәрігері, Еламанова З.Б.-бала дәрігері,Истамкулова Г.Р. -отолоринголог дәрігері марапатталды.