Жаңалықтар

1 ақпанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасымен халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып оны Байзақ ауандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Мадимаров М.Қ. салдырды.
Ол аудандық емхананың кабинетінде вакцинацияланды. Вакцинация алгоритмі бойынша ол 30 минут медициналық бақылауда болды.
Вакцинация алдында пациентті алдымен дәрігер тексеріп, қарсы көрсетілімі барларға салынбайтынын ескеру қажет. Температурасы, қан қысымы, басқа да денсаулық жағдайы тексерілген соң ғана вакцинация жасауға рұқсат етіледі. Пациент вакцинамен танысып, толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісім беріп, қол қояды. Егер науқас барлық процедураға келіссе, онда ол 21 күнде вакцинаның екінші дозасын алады, өйткені вакцинация екі сатыдан тұрады.
3-5 ақпан аралығында Байзақ ауданы бойынша 50 медициналық қызметкерге вацинация жасалды.

28 желтоқсан күні Н.Киікбаев мектеп-гимназиясында
Кенжалиев Шынғыс тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,Айтбекова Гулназ мектеп психологы,Ахметова Бибигуль мектеп медбикесі,Айтбаева Алия СӨС медбикесі,Ержанова Айгуль ЖДО психологы,Алікен Айгерім ЖДО әлуметтік қызметкері қатысуымен "Коронавирустың алдын алу" және "Жеке бас гигенасы" тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға 30 окушы қатысты.

Қант диабетімен ауырмау үшін ұстанатын қағидалар

Қант диабетінің белгілері: үнемі шөлдеу,  ағзаның құрғап сусыздануы, қатты ашығу, жүдеп кету; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің тітіркенуі және қышып дуылдауы.

Қант диабеті - әлемде ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы ағзадағы көмірсулар алмасуының бұзылысымен байланысты. Диабет ағза қандағы қант деңгейін (глюкоза) көтере алмағанда пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфаркт, инсульт, соқырлық, бүйрек жетіспеушілігі және аяқ гангренасына әкелуі мүмкін. Бүгін, ДДҰ деректері бойынша, әлемде 422 миллионға жуық диабетиктер тіркелген. Алайда, диабеттің денсаулыққа төндіретін күрделі қаупіне қарамастан, жартысына жуық көптеген диабетиктер өз аурулары туралы тіпті күмәнданбай, мүлдем білмей жатады. 
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары диабетпен ауырмау үшін мына қағидаларды сақтауға кеңес береді:
Дұрыс тамақтану. Ұйқы безіне ауырлық келтірмес үшін (инсулин шығаратын) көмірсулар тұтынуды азайту керек, сондай-ақ жақсы қалыпта болу үшін күнделікті тұтынылатын калория мөлшерін азайту қажет.
Диабеттің алдын алу үшін ас үлесінен қантты және құрамында қанты бар кез-келген азық-түлікті (печенье, табиғи емес сусындар) алып тастау керек. Оның орнына құс етін, калориясы аз балық, көкөністер, тәтті емес табиғи сусындар тұтынған жөн. Макарон және ұн өнімдерін, татымды, ащы және қақталған ас ішуді шектеген дұрыс. Қуырылған тамақты буға пісірілген, көмештелген немесе бұқтырылған тамаққа алмастыру қажет.   
Күнделікиі физикалық жүктемелер. Егер күніне ең болмаса жарты сағат дене шынықтырумен айналысқан жағдайда қант диабетінің профилактикасы тиімді болады. Физикалық жүктемелер алмасу процесіне жақсы әсер етеді, соның нәтижесінде майлар ыдырап, қандағы май құрамы жақсара түседі, сәйкесінше дене массасы да азаяды. Қант диабетінің алдын алу үшін жаяу жүріп, велосипед айдау керек, сонымен бірге бимен, жүзумен, футболмен және басқа да спорт түрлерімен айналысу қажет. 
Рухани тендікті сақтап, жақсы көңіл-күйде болу. Үнемі күйзелістер аурудың пайда болуының басты себебі болғандықтан, қант диабетінің алдын алу үшін эмоционалдық жағдайды бақылау қажет.

"Қыз баланың репродуктивті денсаулығы" тақырыбында 10 қараша күні Байзақ колледжінде семинар өтті. Семинарға Жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Құрманкулова А.Б., психолог маманы Ержанова А.Н., СӨС жауапты тұлға Айтбаева А.Х., колледж  білімгерлері қатысты.

Волонтер жылының "Саулық" жалпыұлттық аясында 2020жылдың 3 қараша күні"Таза жүрек"денсаулық керуені Ботамойнақ ауылдық округі Байзақ ауылында өтті.
Мақсаты: артериалық гипертонияның қауіпті факторлары туралы ,артериалық қан қысымның алдын алу шаралары туралы тұрғындарға көбірек ақпарат беру.Әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру,ақпараттануын жоғарылату, аурудың ауыртпалығын дұрыс бағалау,асқынушылыққа душар болмау мақсатында барлық топтардың арасында кең түрде насихат жұмыстары жүргізілді.
Байзақ аудандық емхананың кардиолог дәрігерлері Рысқұлов Т.С,Амангелді А. тарапынан 30 тұрғынға медициналық кеңес берілді.Іс-шара өту барысында ақпараттық оқыту материалдары таратылды.