УАҚЫТША САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?
Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.
Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:
• 1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;
• 2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
• 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі.
Qoldau 24/7 арқылы уақытша сақтандыру
Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).
Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;
• Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;
• Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;
• «Өтініш құру» нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;
• Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
• «Өтініш мәтіні» өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;
• Растайтын құжаттың фотосын немесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
• «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;
Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.