Жаңалықтар

Мен Шинибекова Гулнар Сериковна, Сарыкемер ауылдық округі  әкімінен үміткер,, Тілеуқұлова Сауле Сейдимханқызының сенімді өкілі болып табыламын.Мен аурухана қызметкерлерімен жиналыс өткізіп,Сауле Сейдімханқызының еңбек жолымен таныстырып өттім.Сауле Сейдімханқызының біліктілігін,өз ісін абыроймен атқара алатын  тұлға екендігіне тоқталып,дауыс беруге шақырдым.

2021 жылдың 7 сәуір күні Үлгілі ауылы Үлгілі дәрігерлік амбулаториясында Салауатты өмір салты және Жастар денсаулық орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен "Тиімді тамақтану және дәрумендердің пайдасы" атты семинар тренингті ұйымдастырып өткізді. Семинар тренинг барысында СӨС жауапты тұлға Айтбаева А. дәріс оқыды. ЖДО психолог маманы Ержанова А. тренинг өткізді, қатысушылар әр ұсынылған тапсырманы жоғары қызығушылықпен орындап, өзара пікір алмасты. Семинар тренинг соңында Үлгілі ДА әлеуметтік қызметкері Тошпулатова У. қатысушыларға тәтті сый-сияпат таратты.
Қатысушылар өз тараптарынан алғыс білдірді.

19.02.2021 Қан орталығы қызметкерлерімен бірге ұйымдастырылған іс-шараға Байзақ ауданының 68 тұрғыны қан тапсыруға ұсыныс жасады. Оның ішінде 58 тұрғынға қан тапсыруға медициналық рұқсат берілді. 9 адам медициналық көрсеткіші болғандықтан қан алынбады.