Свердлов ауданы (Байзақ) 1938 жылы ақпан айында құрылғаннан кейін, Михайловка селосында (Сарыкемер ауылы) дәрігерлік учаске ұйымдастырылды. Медициналық тіректің алғашқы дәрігері болып Харьков медициналық институтының түлегі Софья Наумовна Каган тағайындалды. Кейініректе сол жерде 15 төсектік аурухана ашылып, ауыл түрғындарына стационарлық көмек көрсетіле бастады. Дәрігерлік учаскеде ауруларға атты көлікпен барып, медициналық қызмет көрсетілетін. 1940 жылы малярияға қарсы станция ашылып, меңгерушісі болып В.Г.Кириченко тағайындалды. Сол жылдары ауданда сүзек ауруы етек алып жатқан, сол себептен ауылдарды уақытша стационарлар ашылды. 1941-1943 жылдары ауданның емдеу мекемелерінде негізінен, эвакуацияланған дәрігерлер жұмыс істеді: инфекционист А.О.Фришман, терапевт дәрігерлер Е.Д.Хниловская, А.Левитин, тіс дәрігері Н.Нупичкер, дәрігер Трояновский.
Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің алғашқы меңгерушісі болып Е.К. Мельниченко (1940) тағайындалды, сол жылдары Көптерек, Тегістік, Ровное ауылдық советтерінде медициналық тіректер ашылды. Кейіннен бұл мекемені П.Птищуков басқарды, ол бұл қызметте 1947 жылға дейін болды. ¥лы Отан соғысы жылдары ауданның медициналық қызметкерлері өз қаражаттарынан қорғаныс қорына 2780 сом ақша аударды. Соғыс жылдарында күндіз-түні қажымай-талмай медицина қызметкерлері тұрғындарға қызмет көрсетті, атап айтқанда: Костникова А., Тимкова Б., Демченко В., Бурлакова А., Мельниченко Е., Коган А., Титч В., және т.б.
1947 жылы денсаулық сақтау басқармасын, соғыстан жаңадан қайтқан майдангер, медицина қызметінің майоры Құлымбаев Қадырбек Қожамжарұлы басқарды. Мамандығы хирург, ауданның денсаулық сақтау саласын 22 жылға жуық басқарды. Ол жылдары аурухананың қуаты 150 төсекке дейін үлғайтылды. 1950 жылдары құмды ауылдарда Еден, Есқара және Фрунзе колхозы, Чапаев совхозында, Кеңес колхозында 25 төсектік учаскелік ауруханалар ашылды, ал Буденовка селосында 50 төсектік аурухана, Октябрьдің 40 жылдығы колхозы және Ровное совхозында перзентханалар ашылып жүмыс істей бастады. 36 ауылдық советтерде фельдшерлік пунктер мен медициналық тіректер ұйымдастырылды. 1969-1975 жылдары аудандық аурухананы дәрігер гинеколог Ділда Алтынбекқызы Алтынбекова басқарды. Бұл жылдары денсаулық сақтау мекемелерінде фельдшер Элеонора Ягода, Сейткерім Бишембаев, Ли П., Айдарбекова А, Қалдарбекова Г. және т.б. жұмыс істеді.
1976 жылы жаңа типті 3 этажды 120 төсектік аудандық аурухананың ғимараты пайдалануға берілді. 1975-1986 жж аурухананы Сүлтанкерей Сепбергенүлы Мәжібаев басқарды. Осы жылдары ауылдық ауруханаларда жұмыс істеген, еңбегі сіңген дәрігерлер: А.Жумашова, Н.Бекболатов, Жанысбаева У.А., Әлжанов Ш.Ә., Скабеков И.К, аудандық ауруханада: Т.Жарқынбеков, хирургтар Степанов А, Пьянов Ю, Ибахов А, Тойбаев Т, Ибрагимов Е, Наурызбаева К, Мадимаров Қ.М, Оңласынов Қ.О, Оңласынов А.О, гинеколог дәрігерлер Климова С.А, Решетникова Г.И, жэне Тыналив А.Т, Әбдреев Т.Ә, Тайгаранова Р.С.
1985 жылы ауданда 78 дәрігер, 430 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Ауданда 37 ФАП, 1 орталық аурухана 515 төсектік және 6 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар аудан түрғындарына қызмет көрсетті. Орта буын медицина қызметкерлері де белсене қызмет істеді: Қалжанбаева А., Қозбақова Р., Рысбаева Р., Султанбекова О., Закирова К., фельдшерлер Куценко Р., Берестовская А., Мослева В., Акабаева О., Бородулина 3., Лифанова Т.П. және т.б.
1986 жылдан 2009 жылға дейін аудандық аурухананы облыстық мәслихаттың депутаты, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Зухра Жапсарбайқызы Айтекова басқарды.
2009 жылы ақпан айынан бастап аудандық аурухананы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Нұрбөбек Садықұлы Әбдірайымов басқарды,
2011 жылдан бастап Рыскелді Молдебекұлы Сапарбеков басқарып отыр.
Туберкулезге қарсы аурухана 1958 жылы аудандық аурухананың құрамында ашылды. Алғашқы фтизиатр дәрігер З.О.Каханенко, балалар фтизиатры Л.И.Алтухова тағайындалды.
1966 жылы туберкулезге қарсы аурухананың төсегі 115-ке жетті. Бұл кезде аурухананы Т.А.Жазықбаев басқарған. 1968 жылдан 2004 жылға дейін аурухананы ауданға еңбегі сіңген дәрігер И.К.Валиуллин басқарды. Сол жылдары бұл ауруханада дәрігерлер Геккель Р.Н., Оңласынов Қ.О., Шужеев Б.С., Оңласынова Ж.Б., Ноғайбаева Г.Ж. қызмет атқарды. Қазіргі кезде аудандық туберкулезге қарсы аурухананы жас дәрігер Абдыхалықов Е.Ш. басқарып отыр.
1999 жылы аудандық денсаулық сақтау басқармасы аудан әкімдігінің меншігінде құрылды. Оның алғашқы бастығы болып дәрігер хирург Талғат Шайдахметүлы Қалтаев сайланды. Сол кездерде денсаулық сақтау саласында біраз өзгерістер мен реформалар болды. Атап айтқанда, консультативті-диагностикалық емхана (КДЕ) құрылды. Алғашқы меңгерушісі болып Мамырбаева Гүлнар Серікқызы тағайындалды.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық орталық аурухана «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып құрылды.
Байзақ ауданы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы, 1 ауылдық емхана, 17 дәрігерлік амбулаториялар, 15 медициналық тіректер, 6 фельдшерлік-акушерлік тіректер, 3 ғимаратсыз медициналық тіректер, 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.