2021 жылдың 7 сәуір күні Үлгілі ауылы Үлгілі дәрігерлік амбулаториясында Салауатты өмір салты және Жастар денсаулық орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен "Тиімді тамақтану және дәрумендердің пайдасы" атты семинар тренингті ұйымдастырып өткізді. Семинар тренинг барысында СӨС жауапты тұлға Айтбаева А. дәріс оқыды. ЖДО психолог маманы Ержанова А. тренинг өткізді, қатысушылар әр ұсынылған тапсырманы жоғары қызығушылықпен орындап, өзара пікір алмасты. Семинар тренинг соңында Үлгілі ДА әлеуметтік қызметкері Тошпулатова У. қатысушыларға тәтті сый-сияпат таратты.
Қатысушылар өз тараптарынан алғыс білдірді.