1 ақпанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасымен халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып оны Байзақ ауандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Мадимаров М.Қ. салдырды.
Ол аудандық емхананың кабинетінде вакцинацияланды. Вакцинация алгоритмі бойынша ол 30 минут медициналық бақылауда болды.
Вакцинация алдында пациентті алдымен дәрігер тексеріп, қарсы көрсетілімі барларға салынбайтынын ескеру қажет. Температурасы, қан қысымы, басқа да денсаулық жағдайы тексерілген соң ғана вакцинация жасауға рұқсат етіледі. Пациент вакцинамен танысып, толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісім беріп, қол қояды. Егер науқас барлық процедураға келіссе, онда ол 21 күнде вакцинаның екінші дозасын алады, өйткені вакцинация екі сатыдан тұрады.
3-5 ақпан аралығында Байзақ ауданы бойынша 50 медициналық қызметкерге вацинация жасалды.