Егер сіз коронавирусты жұқтырғаныңызды сезсеңіз, әрекет ету алгоритмі
БЕЛГІЛЕРДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

Жиі болатын COVID-19 белгілері: температураның жоғарылауы, тамақтың ауыруы, жөтел (құрғақ, қақырықтың аз мөлшері бар), тамақтың қышуы, ентігу, әлсіздік.

Аздау: мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, іш өту (диарея), құсу.

ҚОҢЫРАУ шалыңыз

Егер кенеттен күдікті белгілерді сезсеңіз, жедел көмекке (103) немесе коронавирус бойынша тәулік бойы call-орталығына (1406) хабарласыңыз.

КӨШЕГЕ ШЫҚПАҢЫЗ

Далаға шықпаңыз, адамдар жиналатын жерден аулақ болыңыз (дүкендер, дәріханалар, базарлар және т. б.)

ӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ

Бетперде киіңіз. Егер сіз жалғыз тұрсаңыз - жеке бөлмеде болсаңыз, үй ішіндегілер арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр ұстаңыз және заттарды ұстағаннан кейін антисептикпен тазалаңыз. Бөлмені жиі желдетіңіз.

ЕГЕР СІЗГЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛЕ ЖАТСА

Кез-келген жағдайда байланыстағы болған адамдардың тізімін жасаңыз. 14 күн ішінде кіммен байланысқан адамдардың барлығын есте түсіріңіз. Бұл өте маңызды!

ДҮРЛІКПЕҢІЗ!

Өзіңізді қолға алыңыз, медицина қызметкерлерінің барлық талаптарын орындаңыз.
Осылай сіз өзіңізбен, жақындарыңызбен және барлығына көмектесесіз.