Свердлов ауданы (Байзақ) 1938 жылы ақпан айында құрылғаннан кейін, Михайловка  селосында (Сарыкемер ауылы) дәрігерлік учаске ұйымдастырылды. Медициналық тіректің  алғашқы дәрігері болып Харьков медициналық институтының түлегі Софья Наумовна Каган  тағайындалды.  Кейініректе сол жерде 15 төсектік аурухана ашылып, ауыл түрғындарына  стационарлық көмек көрсетіле бастады. Дәрігерлік учаскеде ауруларға атты көлікпен барып,  медициналық қызмет көрсетілетін. 1940 жылы малярияға қарсы станция ашылып, меңгерушісі  болып В.Г.Кириченко тағайындалды. Сол жылдары ауданда сүзек ауруы етек алып жатқан, сол себептен ауылдарды уақытша стационарлар ашылды. 1941-1943 жылдары ауданның емдеу мекемелерінде негізінен, эвакуацияланған дәрігерлер жұмыс істеді: инфекционист А.О.Фришман, терапевт дәрігерлер Е.Д.Хниловская, А.Левитин, тіс дәрігері Н.Нупичкер, дәрігер Трояновский.
Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің алғашқы меңгерушісі болып Е.К. Мельниченко (1940) тағайындалды, сол жылдары Көптерек, Тегістік, Ровное ауылдық советтерінде медициналық тіректер ашылды. Кейіннен бұл мекемені П.Птищуков басқарды, ол бұл қызметте 1947 жылға дейін болды. ¥лы Отан соғысы жылдары ауданның медициналық қызметкерлері өз қаражаттарынан қорғаныс қорына 2780 сом ақша аударды. Соғыс жылдарында күндіз-түні қажымай-талмай медицина қызметкерлері тұрғындарға қызмет көрсетті, атап айтқанда: Костникова А., Тимкова Б., Демченко В., Бурлакова А., Мельниченко Е., Коган А., Титч В., және т.б.