Сырқаттанушы Олжатаев Мұхтар, 18.05.1971 жылы туылған. Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №46 үй, 26 пәтер тұрғыны, жүргізуші.
Сырқаттанушы 20-21.06.2015 жылы басы ауырған, дене қызуы көтерілген, тамағы ауырған, жалпы әлсіздік. 22.06.2015ж. жедел жәрдем көмегіне жүгінген, жедел жәрдем қызметкерлері аудандық жұқпалы аурулар бөліміне «фоликулярлық ангина» диагнозымен жатқызылған.
26.06.2015 жылы облыстық инфекционист дәрігерді кеңеске(консультацияға) шақыртқан, инфекционист дәрігер клиникалық белгілерін ескере отырып «КҚГҚ күдікті жағдайы» диагнозын қойып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы көлікпен ауыстырылған.
26.06.2015ж. сырқаттанушыдан қан алынып, облыстық аса қауіпті инфекциялар зертханасына жолданып, қорытындысы бойынша КҚГҚ дәлелденген диагнозы қойылды. Науқас клиникалық белгілеріне байланысты тиісті ем қабылдаған.
29.06.2015ж сағат 14-00 шамасында сырқаттанушы қайтыс болды.
Сырқаттанушымен қарым қатынаста болған 44 тұлға анықталып, медициналық бақылауға 14 күнге алынды, қазіргі таңда қатынаста болған тұлғалардың шағымдары жоқ, термометриялық көрсеткіштері қалыпты. Бақылау жалғасуда. Сырқаттанушының тұрғылықты және ата-анасының мекен-жайы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығы мен ветеринария қызметкерлері үй жайына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл ауданында КҚГҚ қарсы іс-шаралар жалғасуда.
 
Осы диагнозбен облыстық балалар жұқпалы ауруханасына келіп түсіп, дәрігерлердің бақылауындағы екінші адам - Нысанбаев Ринат туралы ақпарат
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозымен ауырғансырқаттанушы Нысанбаев Ринат, 07.03.2000 жылы туылған. Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Гагарин көшесі №21-1 үйде тұрады, Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Сырқаттанушы 25.06.2015 жылы дене қызуы көтерілген, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген. 22.06.2015 жылы оң жақ жамбасының бөлігінде кене жабысқанын көріп, өзі алып тастаған.
28.06.2015 жылы дәрігерге қаралған, қаралған кезде шағымдары: басы ауырған, жалпы әлсіздік, дене қызуы- 37,5-ке көтерілген, инфекционист дәрігер клиникалық белгілерін ескере отырып «КҚГҚ күдікті жағдайы» диагнозын қойып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.
29.06.2015ж. сырқаттанушыдан қан алынып, облыстық аса қауіпті инфекциялар зертханасына жолданып, қорытындысы бойынша КҚГҚ вирусы анықталған жоқ. Науқас клиникалық белгілеріне байланысты тиісті ем қабылдауда.
Сырқаттанушымен қарым қатынаста болған 14 тұлға анықталып, медициналық бақылауға 14 күнге алынды, қазіргі таңда қатынаста болған тұлғалардың шағымдары жоқ, термометриялық көрсеткіштері қалыпты. Бақылау жалғасуда.
Сырқаттанушының тұрғылықты және ата-анасының мекен-жайы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығы мен ветеринария қызметкерлері үй жайына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Жамбыл ауданында бүгінгі күні КҚГҚ қарсы іс-шаралар жалғасуда.
 
 
 
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз орталығы