Ерлан Масалимов
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздің еліміздің ертеңінің жарқын, болашағының бақытты екендігіне сендіреді. Онда алға қойылған міндеттерді ынтымағымызды ұйыта түсетін, ілгерілеуімізге серпін беретін, рухани жаңғыруға жағдай жасайтын нұрлы жол деп білу керек.
«Елбасы өз сөзінде білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының жалғасын табатынын айтқан болатын. Жалпы «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз екеніне еш күмәніміз жоқ. Алысты жақын ету жылдың бас құжатының ең басты түйіні деп айтуға болады. Елбасының дәстүрлі Жолдауы әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайды. Денсаулық сақтау саласының да нақты міндеттерді іске асыруға мүмкіндігі бар.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының атқарып отырған негізгі жұмыстары - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі аясындағы міндеттерді орындаумен байланысты өрбуде.
Бүгінде Жамбыл облысы денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторында 42 аурухана, соның ішінде 10 орталық аудандық аурухана және 7 ауылдық аурухана, сондай-ақ 377 амбулаториялық-емханалық ұйым бар.
Денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттары - ана мен бала денсаулығын қорғау, аналар мен нәрестелер арасындағы өлімді төмендету, әлеуметтік мәні бар ауруларға қарсы іс-әрекеттер жұмысын күшейту (туберкулез, онкопатология, ЖИТС(СПИД), жүрек-кан тамырларының аурулары, жарақаттану), материалдық техникалық базаны нығайту және денсаулық сақтау жүйесін басқару ісін жетілдіру болып табылады.
2014 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша облыс халқы арасындағы өлім себептерінің басты көрсеткіштері:
1) Қан айналым жүйесінің аурулары,
2) Қатерлі ісіктер,
3) Жазатайым оқиғалар, жарақаттану және улану,
4) Асқазан және тыныс алу органдарының аурулары болып отыр.
Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарының бірі - тұрғындардың орташа өмір сүру жасын ұлғайту болып табылады. 2014 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы өсіп, 69,6-ды құрады. Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласындағы ең басымды бағыттардың бірі - ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады.
2015 жылдың 4 айының нәтижесінде аналар өлімінің көрсеткіші - 47,5%-ға төмендеді (2014 жылдың 4 айында – 22,7).
Ауруларды ерте бастан анықтау мақсатында халық арасында скринингтік зерттеулер жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Оның нәтижесінде 1-2 кезеңдегі қатерлі ісіктерді айқындау деңгейі - 2015 жылдың 4 айында 53,0% - ға жетті. Осы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Бүгінгі таңда облыс халқына медициналық көмекті 2751 дәрігер және 9834 орта буын қызметкерлері көрсетуде. Жылдан жылға жас мамандар саны да өсуде, 2014 жылы облысқа 121 жас маман келсе, оның 73,6% -ы (89 адам) ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылған.
2014 жылы жергілікті бюджеттен құны - 1 301,3 млн. теңгені құрайтын 25 нысанның құрылысы жүзеге асырылды.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 205 келушіге 7 дәрігерлік амбулатория, жалпы қуаттылығы 20 келушіге арналған 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және жалпы қуаттылығы 200 келушіге арналған 17 медициналық пункт ашылған.
2015 жылы жобадан тыс республикалық бюджет есебінен Тараз қаласындағы 300 төсектік қалалық көпсалалы аурухана, 200 төсектік облыстық перинаталдық орталығы және Талас ауданы Қаратау қаласындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана құрылыстары жүргізілуде. Тараз қаласындағы 300 төсектік қалалық көпсалалы аурухана, 200 төсектік облыстық перинаталдық орталығының құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттен 707,3 млн. теңгеге Байзақ ауданындағы 60 төсектік туберкулезге қарсы ауруханасы құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.
2014 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға - 32,8 млрд. теңге, ал 2015 жылы - 33,7 млрд. теңге қаржы бөлінген.
2014 жылдың қорытындылары бойынша облыс халқы денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық көрсеткіш:
1) туу деңгейі - 1,8% арта түскен (2013 жылдың 26,8-нен 2014 жылдың 27,28-ге дейін, 1000 адамға шаққанда);
2) өлім көрсеткіштері - 5,4% төмен түскен (2013 жылдың 7,27-нен 2014 жылдың 6,88-не дейін, 1000 адамға);
Осы нәтижеде табиғи өсімнің коэффициенті - 4,5% артқан (2013 жылдың 19,53-тен 2014 жылдың 20,40-қа дейін, 1000 адамға).
Осы динамика 2015 жылы да сақталып келеді. 2015 жылдың 5 айында өлім деңгейі - 2,2 құраса, 2014 жылдың 4 айында - 2,3 болып орын алған.
2014 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы өсіп, 69,73 жасқа қарағанда, 69,6 құрады.
Ауруларды ерте бастан анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізілді. Оның нәтижесінде 1-2 кезеңдегі қатерлі ісіктерді анықтау деңгейі 2015 жылы 53,0%-ға жетті. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қан айналым жүйесі және туберкулез ауруларынан аурушандық пен өлім деңгейі тұрақтанды.
Облысымызда жыл сайын жаңа медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар соғылып, денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемелерінің матариалдық-техникалық базалары нығайтылып, қазіргі заманға сай соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталуда.
2010-2014 жылдары аралығында «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. (Тараз қаласындағы облыстық қан орталығы, 500 келушіге арналған қалалық емхана, облыстық, қалалық 200 төсектік көпсалалы балалар ауруханасы, 150 төсектік аудандық орталық аурухана, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана).
2010-2014 жылдары аралығында «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында 24 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын.
2015 жылы аталмыш жоба аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен Меркі ауданы Меркі ауылындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылға қарай аяқтау жоспарлануда.
Жалпы алғанда, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2010-2014 жылдары аралығында 74 денсаулық сақтау нысанының құрылысы іске асырылған болатын.
Жылдар бөлінісінде қарайтын болсақ:
2010 жылы республикалық бюджет есебінен «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Тараз қаласындағы облыстық қан орталығы және 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысы жүзеге асырылған.
2010 жылы жергілікті бюджеттен құны 133,0 млн. теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы жүзеге асырылған.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 30 келушіге 1 дәрігерлік амбулатория және жалпы қуаттылығы 20 келушіге арналған 3 медициналық пункт.
2011 жылы республикалық бюджет есебінен «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Шу ауданы Төле би ауылындағы 150 төсектік аудандық орталық аурухана құрылысы жүзеге асырылған.
2011 жылы жергілікті бюджеттен құны 409,1 млн. теңгені құрайтын 7 нысанның құрылысы жүзеге асырылған.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 100 келушіге 3 дәрігерлік амбулатория және жалпы қуаттылығы 65 келушіге арналған 4 медициналық пункт.
2012 жылы республикалық бюджет есебінен «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Тараз қаласындағы 200 төсектік облыстық көпсалалы балалар аурухана құрылысы жүзеге асырылған.
2012 жылы жергілікті бюджеттен құны 650,2 млн. теңгені құрайтын 14 нысанның құрылысы жүзеге асырылған.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 105 келушіге 4 дәрігерлік амбулатория және жалпы қуаттылығы 105 келушіге арналған 10 медициналық пункт.
2013 жылы республикалық бюджет есебінен «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Тараз қаласындағы 200 төсектік қалалық көпсалалы балалар аурухана және Жамбыл ауданы Аса ауылындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана құрылысы жүзеге асырылған.
2013 жылы республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде құны 918,4 млн. теңгені құрайтын 10 нысанның құрылысы жүзеге асырылған.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 265 келушіге 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүзеге асырылған. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен «2011-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысының аумағын дамыту» бағдарламасы аясында жалпы қуаттылығы 65 келушіге арналған 7 медициналық пунктінің құрылысы іске асырылған.
2014 жылы жергілікті бюджеттен құны 1 301,3 млн. теңгені құрайтын 25 нысанның құрылысы жүзеге асырылған.
Оның ішінде: жалпы қуаттылығы 205 келушіге 7 дәрігерлік амбулатория, жалпы қуаттылығы 20 келушіге арналған 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және жалпы қуаттылығы 200 келушіге арналған 17 медициналық пункт.
Бүгінде елімізде тұрғындардың денсаулығын сақтау мен түрлі аурулардың алдын-алу мен оған тексерілу барысын жүзеге асыратын «Ұлттық скринингтік бағдарлама» деп аталатын жаңа жүйе жұмыс жасайды. Скрининг- бұл ерте сатыда ауруды және қауіп –қатер факторларын анықтау үшін қолданылатын, сонымен бірге, емдеу тиімділігін арттыра және асқынудың дамуының алдын ала отырып, белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру. Бір сөзбен айтқанда, скрининг – бұл белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексерілуден өткізу. Тұрғындар тұрғылықты мекн-жайлары бойынша өздері тіркелген медициналық ұйымдарда скринингтік тексерілуден тегін өткізіледі.
Мәселен, Қазақстанда бүгінде қатерлі ісікпен ауыратын 145 мыңға жуық адам тіркелген және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 3-4%-ға өсіп отырғаны жасырын емес. Скринингтік тексерілуден өту арқылы онкосырқаттардың алдын алуға болады. Өйткені, ауру белгісін ертерек анықтайтын болсақ, оны емдеу мүмкіндігі де зор болмақ. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын өкпе рагымен ауыратын 350-ге жуық адамға операция жасалады екен, яғни науқасы бастапқы сатыда анықталған адамдардың 5%-на жуық адамға ота жасалған. Қазақстан халқы дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну үшін жыл сайын профилактикалық тексеруден өтіп, скринингтік бағдарламаларға қатысып, профилактикалық шаралар туралы, сырқат белгілері туралы көбірек білуі тиіс.
«Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылмақ ауқымды істер- әрбір қазақстандықтың дені сау, өмірге құштарлығы зор, қоғамға тигізер пайдасы мол, бойына тәлім мен тәрбиенің, білім мен біліктіліктің бірегей үлгілерін жиған ұлағатты жандар болуын мүдде-мақсат қылған. Түптеп келгенде, бүгінгі кезеңнің денсаулық сақтау жүйесі де адамдар денсаулығының сақталуын тек емдеу ғана емес, аурудың алдын алу арқылы да жүзеге асыруға мүдделі болуы тиіс. Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, ал медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді әрі сапалы болуын қалайтыны - табиғи жәйт. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеуге тиіспіз. Өйткені, халықтың денсаулығы – еліміздің басты байлығы. Ал, осы байлықтың жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өз басына байланысты. Денсаулық сақтау саласын, дәрігерлердің біліктілігін қанша көтергенімізбен, халықтың денсаулығының жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өз басына байланысты. Кез-келген аурудың алдын-алу, жүйелі түрде өз денсаулығын тексертіп тұру, салауатты өмір сүру – бүгінгі әрбір азаматтың өмір сүру қалыбына айналуытиіс .