Айналаңыздағыларды және өзіңізді қалай қорғауға болады?
Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіп, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып тұрыңыз.
Жөтеліп және түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақты бүгіп жабыңыз. Салфетканы қоқысқа арналған контейнерге бірден лақтырып, қолды спиртті антисептикпен тазалаңыз немесе оларды сабынды сумен жуыңыз.
Көзді, мұрынды және ауызды қолмен ұстамаңыз.
Адамдардан кем дегенде екі метр қашықтықта ұстаңыз.
Қоғамдық көліктен аулақ болыңыз.
Мүмкін болған жағдайда баспалдақпен жүргенде сүйенішті ұстамау үшін лифтті пайдаланыңыз, бірақ лифтке басқа адамдармен кірмеңіз.
Далаға шыққаннан кейін қолды санитайзермен тазалаңыз, содан кейін қолды сабынмен жуыңыз.
Үйде көше киімінде жүрмеңіз.
Ұялы телефон қолданған соң антисептиктермен тазалап тұрыңыз.
Мүмкіндігінше дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үйде үнемі ылғалды тазалау жұмысын жүргізіңіз.
Көп сұйықтықты ішіңіз-сусыздандыру шырышты құрғатуға әкеледі және олардың қорғаныс қызметін төмендетеді.
Температура жоғарылағанда, жөтел пайда болғанда және тыныс алу қиындағанда тез арада жедел жәрдем шақырыңыз.
Әсіресе үлкен жастағы жақындарыңызды сақтаңыз. Оларды емханаларға, дәріханаларға және дүкендерге жібермеңіз.
Қысымнан, диабеттен, демікпенің және ыстықты түсіретін т.б. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіңіз.
Азық түліктерді және т.б заттарды үйге жеткізуді ұйымдастырыңыз.