Бүгін қалалық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Дәрігерлер қауымын құттықтауға келген облыс әкімінің орынбасары Ғ.Р.Әбдірайымов: «Облыс әкімдігі тарапынан облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын техникалық-жабдықтау мәселесіне үлкен назар аударылуда. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Мәселен, 2014 жылға 1 178,0 млн теңге бөлінсе, ал 2017 жылға қаржыландыру көлемі 2 405,0 млн теңгені құрады. Осының арқасында медицина ұйымдарының жарақтандыру деңгейі 2015 жылғы 69,59 пайыздан 2016 жылы 73,96 пайызға жетті. Биылғы жылы 28 санитариялық автокөлік сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 211 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге денсаулық сақтау ұйымдарына 47,2 млн теңгеге 10 автокөлік сатып алынды. Қолданған шаралар облыс халқына медициналық көмекті уақытылы көрсетуді және сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, Сіздерді алдағы Медицина қызметкері күнімен құттықтап, Сіздерге арналған санитариялық автокөліктердің кілттерін табыстауға рұқсат етіңіздер» - дей отырып, жергілікті бюджет есебінен қалалық және аудандық емдеу-алдын алу мекемелеріне алынған 10 санитарлық автокөліктің кілттерін салтанатты түрде ұстатты.
Жағымды жаңалықпен басталған мерекелік іс-шара барысында адам өмірінің сақшысы бола білген, «Гиппократ» антын өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, бүкіл ғұмырын салада еңбек етуге арнаған медицина ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды. Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен - Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы Момбекова Гулмайра Асанқызы, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға дәрігері Сергазиева Акгүль Ораққызы, №5 қалалық емханасының бас дәрігердің орынбасары Мырзакасымова Назгүл Жұмағалиқызы, Сарысу аудандық орталық ауруханасының аға дәрігері Сұлтанова Гүлира Амангелдіқызы, Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығының бас есепшісі Абденбаева Жанар Түймебекқызы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Тараз «Болашақ» колледжінің меңгерушісі Досқұлов Оразқұл Нуралыұлы, Тараз «Болашақ» колледжінің меңгерушісі Саурбаев Төленбек Камбарбекұлы, «Жамбыл облыстық ауруханасы меңгерушісі Ордабеков Сағындык, Облыстық перинаталдық орталығының акушер- гинеколог дәрігері Тюлюгенова Үмсінай Нағашбайқызы, Меркі аудандық орталық ауруханасының аға дәрігері Орманбекова Райхан Маханқызы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Жүрек кардиохирургиялық клиникасының» директоры Аширов Абдуталып Махмутұлы, «Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің бас дәрігері Сауранбаев Еркинтай Аштайұлы, №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Бокаева Мавлюда Жапсарбайқызы, Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінің бас дәрігері Қабдрахимова Айман Ахрапқызы, №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерігерінің орынбасары Кемелбекова Гибадат Намелбекқызы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ««Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Жамбыл облыстық ауруханасының меңгерушісі Амрекулова Ибадат Жұмағалиқызына, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерігерінің орынбасары Жұманқұлова Раушан Кошербекқызына, №1 қалалық ауруханасының меңгерушісі Каликов Серикпай Татарханұлына, №2 Қалалық ауруханасы бас дәрігерігерінің орынбасары Мырзакасымов Хамит Саттарқұлұлына тағылды.
Салтанатты жиын Жамбыл облыстық филармониясының әртістерінің және Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Әлішер Каримовтың қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы