Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары жөнінде штаб отырысы өтті. Оған денсаулық сақтау басқармысының қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев МӘМС жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстары басталғалы бері облыс көлемінде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі Штаб құрылды.
Штаб құрамына мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары енгізілді.
Штаб мүшелері барлық аудандарда тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2016 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарының 2 кезеңі өтіп, 1-ші кезеңде 82 кездесу өтіп 4190 адам қамтылса, 2-ші кезеңде 237 кездесу ұйымдастырылып, 24032 адам қамтылды.
Баспасөз ақпарат құралдары беттерінде 26 мақала жарияланып, жергілікті телеарнада 2 рет сұқбат берілді. Облыстық «Қазақстан–Тараз» телеарнасындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Ұлт саулығы» телехабарында бұл туралы 4 хабар көрсетілді.
2017 жылғы 1-ақпаннан халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын іске асыру Үшінші кезеңі басталды.
Аталған кезең, барлық санаттағы халық, жұмыс берушілер, кәсіпкерлік саласын және өзін-өзі жұмыспен қамтыған топтары арасында түсіндіру жұмыстарының жандандырылуын көздейді.
Өңірлік штабтың санаттар бойынша халықпен кездесулерінің желілік кестесі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмысы бойынша медиа-жоспары, PR-белсенділігі (ақпараттық-беделдік баспа өнімдерін, аудио- бейнероликтерді жасап тарату) жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдармен және жарналармен байланысты жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Үстіміздегі жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында облыстық штаб мүшелері мен Тараз қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері облыс орталығында орналасқан барлық білім беру ұйымдарының және қызметкерлер саны 200-ден асатын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз ақпарат құралдарының өкілдерімен пресс-конференциялар өткізілді.
Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан күніне 4 рет, қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтер көрсетілуде. Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында да осы ролик пен инфографика тұрақты шығуда. Тараз қаласының Абай және Төле би көшелерінің 2 жерінде орналасқан LED-экрандарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі бейнероликтер үздіксіз көрсетілуде.
Тараз қаласының және аудан орталықтарының орталық көшелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басым бағыттары көрсетілген билбордтар орналастырылды.
Тұрғындарға Call-орталық арқылы сақтандыру жүйесі туралы барлық сұрақтарына жауап алу мүмкіншілігі ұйымдастырылды.
2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 5,5 млн. теңге бөлініп, 292 денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен бас есепшілері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы оқытылды.
Биылғы жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығында 1826 дәрігер оқытылды. Маусым айына дейін 7839 орта буын қызметкерлерін оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1852 орта буын қызметкерлері оқытылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізудің 3-ші кезеңі басталғалы бері 302 кездесу өтті. Барлығы 25279 адам қамтылды, оның ішінде: тұрғындар – 6213, медициналық қызметкерлер – 3031, бюждеттік сала қызметкерлері - 9541, кәсіпкерлер - 943, ауылшаруашылығы қызметкерлері - 450, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2113, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдары өкілдері – 290, зейнеткерлер мен жұмыссыздар - 2698 адам. Телеарналарда, оның ішінде «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан көрсетілген жаңалықтардан – 12 сюжет, «Бірінші студия» бағдарламасынан, яғни тікелей эфирде қазақ тілінде – 5 хабар, орыс тілінде – 4 хабар, «Ұлт саулығы» бағдарламасынан – 2, «Денсаулық» бағдарламасынан – 2 хабар жарық көрді.
«77» телеарнасынан көрсетілген сюжеттер – 10, республикалық «Астана» теларнасының жаңалықтарынан – 2, Республикалық «24.KZ» телеарнасынан – 2 сюжет көрсетілді.
Жалпы республикалық және облыстық баспасөзде – 31 мақала жарияланса, сайттарда – 65 материал, әлеуметтік желілерде – 32 материал шығарылды.
Жүйені енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, бұл мәселенің маңыздылығын ескере келе, әлі де болса халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет деп есептеймін.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы