Облыстық психоневралогиялық интернат уйінің қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын әрі қарай №5 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Мурзакасымова түсіндіру жұмысын өткізді. Мемлекет азаматтарды кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтуды өз міндетіне алады. Яғни өте ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырту, санитарлық авиация, вакцина егу тегін болмақ. Дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып жасалған медициналық сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға, жұмыс беруші өзінің қызметкерлеріне, ал жұмыспен қамтылған азаматтар өз бетінше жарна төлейді. Сақтандыру амбулаторлық-емханалық және стационарлық-медициналық көмек, жоғары технологиялық қызмет пен ұзақ уақытқа медбикелік күтімге кепілдік береді. Жағдайы төмен азаматтар, әскерилер, арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады. Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ӘМСҚ) жарна төлеуді бастайды. ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының тиімді тұстары және оның халыққа беретін пайдалы жақтары түсіндірілді. Кездесуде қатысушылардың қойылған барлық сауалдарына толық жауап берілді.

 
 
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз орталығы