2017 жылғы сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде Жамбыл облысы аумағында «Вакциналар әрекет етуде!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс шараны 2005 жылдан бастап жүргізіп келуде, шараның негізгі міндеті - тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару болып табылады. Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соңында тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі. Еуропалық иммундау апталығы негізгі міндеті – әр бір азаматқа арнайы профилактика жолдарымен алдын алуға болатын аурулардан қорғануы тиіс және оған құқығы бар екенін түсіндіру.
Бүгінгі таңда аурулардың алдын алу жолындағы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты – вакцинация. Иммундау арқылы ауралардан қорғану көптеген жылдар бойы белгілі.
Балалар мен ересектер арасындағы вакцинациялаудың тиімді бағдарламаларының нәтижесінде облыста көптеген екпемен басқарылатын инфекциялар айтарлықтай азайды: ауыр асқынуларға, оның ішінде мүгедектікке алып келетін полиомилит мүлдем жойылды; қызамықпен аурушылдық 96,4 пайызға төмендеді (2001 жылы 410 жағдай болса, 2015 жылы 1 жағдай); екпеалдыңғы кезеңде қызылшаның жылына 5 мың жағдайы тіркелсе, қазіргі таңда тек бірыңғай жағдайлары тіркелуді; дифтерияның соңғы жағдайы 2002 жылы тіркелген; «В» вирусты гепатитінің аурушылдығы 95,0 пайызға төмендеді (1998 жылы 4283 жағдайдан 2016 жылы 4 жағдайға дейін); сіреспе мен эпидемиялық паротиттің спродикалық жағдайлары тіркелуде.
Соңғы онжылдықта денсаулық сақтау саласында аурушылдықтың төмендеуіне қарамастан, екпемен басқарылатын инфекциялардан қорғанудың сенімді жолы вакцинация болып қалуда. Вакцинация бүгінгі таңда әр бір азаматқа қол жетімді, ең тиімді медициналық қызмет болып табылады.
Қазақстан Республикасында алдын ала екпелер толығымен мемлекеттің қаржыландыруымен өткізіледі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпелерден басқа, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін екпелер де ақысыз түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламалары аясында ұйымдастырылатын қосымша иммундау кампаниялары да ақысыз түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында вакцина пайдалану алдында арнайы зертханалық зерттеулер арықыл мемлекеттік тіркеуден өтеді, вакцинаның әр бір партиясына зертханалық бақылау орнатылып, тасымалдау мен пайдалану кезінде суық тізбек ережесінің сақталуына, екпеден кейінгі қолайсыз жағдайларға мониторинг жүргізу жүйесіне бақылау жүргізіледі.
Әр бір ата ана өз баласының денсаулығына алаңдайды, бұл бағытта иммундаумен алдын алуға оң көзқарас - салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кілті болуы тиіс. Тек қана ата ананың вакцинацияға деген сенімділігі мен медициналық қызметкерлермен өзара жұмысы иммундаудың маңызыдылығына көз жеткізуге көмегін тигізеді.
Эпидемиологиялық маңызды инфекциялардың вакцинациясына кететін қаражат, сол инфекциядан емдеуге қажет қаражаттан 10-1000 есеге дейін аз. Еуропалық иммундау апталығы барысында басқа республикалар мен аумақтардан көшіп келген, тұрақты тіркеуге тұрмаған, мекен-жайын жиі ауыстыратын тұрғындарға, діни қоғамдарға аса назар аударылады.
Облыс тұрғындары арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі аясында түсіндіру жұмыстары, иммундауға оң көз қарас қалыптастыру бағытында, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алдын ала екпелермен қамту деңгейін жоғарлату жұмыстары ұйымдастырылады.
Барлық медициналық мекемелерде ашық есік күндері, мектептерде оқушылармен спорттық шаралар, викториналар, дебаттар ұйымдастырылады, бала бақшаларда сурет салу конкурсы, «Мен екпеден қоырқпаймын!», «Айболитпен кездесу» тақырыптарында иммундау сабақтары, ал студенттермен «Бізбен бірге екпе ал! Өз денсаулығынды қорға» тақырыбында флеш-боп ұйымдастырылып, өткізіледі.
Облыс тұрғындарына қауырт желілері жұмыс жасайды: 8-800-080-55-58 (кез-келген телефоннан тегін), 45-59-78, 43-69-13.
Баланызды қазір егу арқылы, Сіз баланы инфекциядан қорғай ғана қоймай, инфекциядан кейін болатын ауыр асқунулардан да қорғайсыз. Өз балаңызға қазіргі көмек беріңіз! Балаңыздың өмірін қауіпсіз қылып, өзіңізге дені сау немере сүюге қадам жасаңыз!
Иммундау апталығында өз балаңызды және өзіңізді екпемен басқарылатын инфекциялардан БҮГІН қорғаңыз!
 
 
 
 
Н.К. Тасжурекова - Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы