Денсаулық сақтау жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
 
2016 жыл ішінде денсаулық сақтау саласында барлығы 6508212мемлекеттік қызметтер түрі көрсетілген.
Медициналық ұйымдарда есептік кезең ішінде 211198 адам тіркелінген. Қызмет электронды және электронды емес форматта көрсетіледі. «Тұрғындарды тіркеу тізілімі» порталындағы тіркеу туралы өтінімдер уақытылы қарастырылуда.
«Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтері электронды және электронды емес форматта ұсынылады.
2016 жыл ішінде 408835 науқасдәрігерді үйге шақырған және 5137745 емделуші дәрігердің қабылдауында болған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлейді. Денсаулық сақтау саласының 1359 маманы даярлау, біліктіліктерін арттыру және кадрларды қайта даярлауда өту туралы құжаттарын алған.
«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық Денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері және «үйге дәрігерді шақыру қызметі» арқылы реттеледі. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаның немесе оның өкілінің медицина ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгіну кезінде көрсетіледі, ол медицина ұйымының тіркеу журналында көрсетіледі.
Дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу, сондай-ақ, АИТВ-инфекциясына тексерілу анонимді және міндетті құпия түрде жүзеге асырылады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру үшін алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс жұмыс күндері медицина ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін екі сағат бұрын қабылданады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс жұмыс берушінің уақыты аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады. Электрондық форматта дәрігерді үйге шақыру үшін азаматта мыналар болуға тиіс: жеке басын куәландыратын құжат; он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін - тууы туралы куәлік; тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, бекітілген халықтың тіркеліміне орай осы медицина ұйымына бекіту.
Кез-келген тұрғын жергілікті емханасына тіркелініп, өзіне қажет медициналық көмекті алуға ғана емес, дәрігерді де таңдап, оны үйіне шақыруға да сұраныс беруіне болады.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүгінгі күні денсаулық сақтаудың 70 пайызы адамдардың өз басына, оның өмір сүру қалыбына байланысты болса, 10 пайызы қоршаған ортаға, 5-7 пайызы тұқым қуалаушылыққа, 10-12 пайызы ғана дәрігерлерге байланысты. Денсаулық Кодексінің 90- бабында: «Азаматтар өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға; профилактикалық медициналық тексеру мен қараудан өтуге міндетті»,- деп жазылған. Соған қарамастан, бүгінгі күні тұрғындар өз денсаулығы туралы міндеттерді толығымен медицина қызметкерлеріне артып қойған.
Әр адам өз денсаулығына жауапты қарап, аурудың алдын-алуға әрекет жасаса ғана, ұлт саулығын қалыптастыру мүмкін болмақ.