Қазақстанда құрылып жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтардың медициналық қызметтерін төлейтін болады, деп мәлімдеді Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментің бас маманы Дәурен Бурханов.
«Міндетті медициналық сақтандыру қоры осы жылы құрылып, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады және қорға жарналар түсіп отырады. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап қор медициналық қызмет төлеушінің рөліне кіріп, медициналық қызметтерді төлейтін болады.
Қазақстанда әр ай сайынғы жарнамалар мен медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘМ медициналық қызметті төлеу Комитеті базасында ұйымдық- құқықтық нысанындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасалатын болады. Қордың ұйымдастырушысы мен жалғыз акционері ҚР Үкіметі болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жарналарынан 15 санаттар босатылады: балалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысқандар мен мүгедектер, мүгедектер, жұмыссыз отырғандар және т.б.
Естеріңізге салар болсақ, ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.
Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.
Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы