Міндетті медициналық сақтандыру төлемі азайтылды

Тараз металлургиялық зауытында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржановтың қатысуымен әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде кездесу өтті. Жиынға МӘМС-ті енгізудің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша штаб мүшелері мен зауыт басшылары мен жұмысшылары қатысты.
Жиында ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, жұмыс берушілердің МӘМС жүйесіне аударатын төлемдері 2017 жылы 2%-дан 1%-ға дейін, 2018 жылы 3%-дан 1,5%-ға дейін, 2019 жылы 4%-дан 1,5%-ға дейін, 2020-2021 жылдары 5%-дан 2%-ға дейін, 2022 жылы 3%- ға дейін азаяды.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңында МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу мерзімі аударымдардың соңғы төлемін төлегеннен кейін 1 айдан 3-айға дейін артты. Аударымдар мен жарналар сомасын түзету қажеттігі алынып тасталды. Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар болса, 2018 жылдың 1 қаң­тарынан бастап сақтандыру қорына табысының 5 пайызын құрай­тын жарна төлеуге міндеттеледі.
18 жасқа дейінгі мүгедек бала­ға күтім жасайтын жұмыссыз адам­дарға мемлекет есебінен жарна төленеді. Жоғары оқу орнын бітір­ген түлектер де 3 айға дейін жарна төлеуден босатылады. Жұмыссыз жүрген оралмандар тіркелген күннен бастап, бір жылға дейінгі аралықта жарна төлемейді, олар мемлекет есебінен міндетті сақтандыруға ие болады. Тегін медициналық сақ­тандыруға жұмыссыз жүрген және Қазақстанда тұрақты түрде тұратын шет ел азаматтары, олардың ішінде зейнеткерлер, балалар, мүгедектер, студенттер қол жеткізе алады,– деп атап өтті Абай Нұржанов.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы