Биыл Жамбыл өңірінде алғаш рет үшем дүние есігін ашты. Тараз қаласының тұрғыны 27 жасар Аида Жебегенова облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың ақпан айының 8-і күні өмірге үшем әкелді. Кішкентай шақалақтардың есімдері – Дархан, Шерхан және Ерхан.
Жүктіліктің 30 аптасында операциялық жолмен туылған үш баланың салмақтары – 1,400, 1,490, 1,495 келі. Үйге шығару кезіндегі балалардың салмағы: 2100,2090,1900гр.
Үшемнің әкесі Иманбеков Мақсат әскери қызметкер. Бұл олардың алғашқы қуанышы.
Жүктіліктің 12-ші аптасында Аида Жебегенова тұрғылықты мекен-жайы бойынша №2 қалалық емханаға тіркеліп, үнемі дәрігерлердің бақылуында болған, соның арқасында ешқандай асқынусыз дүниеге дені сау сәбилерді әкелді.
Қазіргі уақытта сәбилердің анасы мен бүлдіршіндерінің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, балаларды күту бойынша тиісті шаралар толығымен орындалуда.
Кішкентай сәбилерді шығарып алуға туған-туыстары жиналды. Қала әкімі Рүстем Дәулет құттықтауын жеткізіп, арнайы сыйлықтар табыс етті. Қуанышқа ортақтасып келген жандар суретке түсіп, мәз болды.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы