Елбасымыздың биылғы Жолдауы тұңғыш рет жазбаша түрде жарияланды. 1997 жылдан бастау алған Жолдау – 2017 ел Президентінің халқына арнаған жиырма бірінші стартегиялық Жолдауы болып табылады. Биылғы Жолдау Қазақстанның Үшінші жаңғыруына арналды. Негізінде, биылғы жылы қазақстандықтар үшін Жолдау тек жазбаша түрінде жарияланғанымен ғана емес, Елбасының алдымен халыққа Үндеуімен де ерекшеленді. Елбасымыздың үндеуінде айтылған өзгерістерге келетін болсақ, біріншдіен, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Екіншіден, бұл саяси биліктегі екі негізгі тармақтың Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, үшіншіден, бұл үкіметтің де жұмысының, парламенттің де жұмысының кәсібилігін олардың жауапкершілігін, елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттыруға сонымен қатар тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Президенттің өзі бүгінгі әлемнің өзгергенін, қазіргі заманның дидары басқаша болып отырғанын айтып отыр. Ал мұндай өзгерістер дүние жүзінде өріс алды және біздің елді де қамтыды. Осыған сәйкес отанымыз дәстүрлі қоғамнан гуманистік қоғамға қарай бет бұрды. Бұндай ерекшелік үндеуде баса айтылды.
Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.Биыл мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанның технологиялық жаңғыруының шешуші бағыттары нақты баяндалған.
Елбасымыз Қазақстанның Үшінші жаңғыруының негізгі бес басымдықтарын атап көрсетті. Олар: 1) экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; 2) бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; 3) макроэкономикалық тұрақтылық; 4) адами капитал спасын жақсарту; 5) институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Биылғы Жолдаудың бір басымдығы, яғни төртіншісі – адами капитал сапасын жақсарту болып табылады. Н.Назарбаев өзінің Жолдауында білімнің маңыздылығына ерекше көңіл бөлгенін атап айтқым келеді. Өйткені, кез келген елдің болашағы, жалпы білім берудің деңгейіне байланысты болады. Сондай-ақ президентіміз биыл білім берумен қатар, денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс екендігін сөз етті. 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл жүйенің енгізілуі, әуелі, еліміздің әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігімен оң шешім болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап және одан кейінгі жылдарда да Елбасы халық денсаулығын жақсартуда бірізді саясатты жүргізуде. Еліміздегі тұрғындардың саулығы - ол мемлекетіміздің саулығы. Елбасымыз жүргізген саясатының арқасында медицинамыз жылдан-жылға дамып, ілгері басып келеді. Елде медициналық-демографиялық жағдайдың оң өзгерісі, әлеуметтік маңызды аурулардан болатын аурушаңдылық пен өлім-жітімнің, ана мен баланың қазасының төмендеуі байқалуда. Мемлекетімізде көптеген күрделі оталар жасалуда. Жылдан-жылға білікті, жас мамандар қатары көбейіп, медицинаның дамуына ықпал етуде. Алдағы уақытта да медицина мәселесі Елбасымыздың халқына арнаған жолдауларында көтерілетініне, оған қазіргідей көп көңіл бөлінетіндігіне сенімдімін.
Жолдауда айтылған адами капиталдың сапасын жақсарту басымдығының тағы бір қадамы ол – әлеуметтік қамтамасыз ету саласына байланысты. Елбасымыз биыл да зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларды өз назарынан тыс қалдырған жоқ. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20%-ға дейін арттырылса, бала туылғанда берілетін бер реттік жәрдемақы мөлшері де 20%-ға дейін көбейеді.
Жолдау көңілімізге қуат беріп, қазақстандықтардың өмірін жаңғырта түсудегі Елбасымыз таңдаған бағыттың тұрақтылығына деген сенімімізді нығайта түсті. Президенттің Жолдауы ертеңгі күнге сенімділік береді, қойылған міндеттерді орындау барлық Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, халықаралық деңгейде мемлекеттің рөлін арттырады.
Жамбыл облыстық наркологиялық
диспансерінің бас дәрігері –
Жексембиев Жақып Түзелбайұлы