Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты облысымызда түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметке ақа төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Құрманалиева Қарлығаш пен Дианостикалық кеңес беру орталығының бас дәрігердің орынбасары Байдарбеков Өмірхан Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің мамандарымен қаланың басқада жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары және білім беру саласының қызметкерлеріне міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіруге арнал­ған жиын өткізді. Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.
Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.
Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.
МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.
 
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының баспасөз орталығы