Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты Таразда түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу Тараз мемлекеттік университетінің ұжымымен өтті. Онда жаңа жүйенің тиімді тетіктері жайында мәліметтер берілді. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында келер жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек.
Жиында Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабай 2015 жылы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап күшіне енгендігі туралы және республиканың медициналық қызметкерлері арасында Қазақстанның барлық аймақтарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидаларын насихаттау бойынша кең ауқымды акцияның бастамасы жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлері және медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аймақтық департаменттерінің басшылары құрайтын арнайы мобильдік топтар осы жүйе туралы семинарлар және кездесулер өткізуде екендігін атап өтті.

Келесі сөзді алған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің маманы Д.Бурханов Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелері жөнінде және оның бүгінгі күнгі жүйелік тәукелдері туралы айтып өтті. Дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан отандық медицинаны еуропалық талаптарға ұқсауы тиіс екендігін атап өтті.
МӘМС жүйесі күшіне енгенде емханалар қазіргі таңда сұранысы көп медициналық құрал-жабдықтарға қол жеткізіп, тегін сараптамалардан өтуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, МӘМС Заңына медициналық сақтандыру қорына жарна енгізу көлеміне бүгінгі күнге дейін өзгерістер енгізілгені жөнінде де сөз айтылды.
Кездесу барысында мiндеттi сақтандырудың басқа ерекшелiктерi назарға алынып, талданып, тыңдарман тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы