Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты облысымызда түсіндіру жұмыстары жалғасуда. ҚР ДСМ медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің директоры Бахыт Исмаханбетов пен Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті облыс бойынша департаментінің маманы Бурханов Дәурен Тараз қаласының химико-техникалық колледжінде білім беру саласының қызметкерлеріне міндетті әлеу­меттік медицина­лық сақ­тан­­дыру жүйесі­нің негіз­гі қағидаларын түсіндіруге арнал­ған жиын өткізді.
ҚР ДСМ медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің директоры Бахыт Исмаханбетов өз сөзінде медициналық сақтандыру жүйесі озық халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мемлекеттің жұмыс берушінің және әрбір адамның ынтымақтастығы мен жауапкершілігі негізінде құрылғанын атап өтті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудегі негізгі мақсат – халыққа медициналық қызметтің барлық түрлерінің қол жетімдігін арттыру және әртүрлі тетіктерді пайдалана отырып медициналық қызметтің сапасын көтеру және бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру, тұрақтандыру, сол арқылы денсаулық сақтау тиімділігн, нәтижелігін арттыру. Мемлекет азаматтарға тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету құқығын сақтайды, оның ішінде: әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайында медициналық көмек көрсету, шұғыл медициналық көмек көрсету, санитарлық авиация және вакцинация. Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға, жұмыс беруші өзінің қызметкерлеріне, ал жұмыспен қамтылған азаматтар өз бетінше жарна төлейді. Сақтандыру амбулаторлық-емханалық және стационарлық-медициналық көмек, жоғары технологиялық қызмет пен ұзақ уақытқа медбикелік күтімге кепілдік береді. Жағдайы төмен азаматтар, әскерилер, арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады.
Осы және өзге де мәселелерге жан-жақты тоқталған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жиынға қатысушылардың бірқа­тар сұрақтарына жауап берді.
 
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының