Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жұмыс сапарымен Сейтхан Жошыбаев басқаратын Ғылыми-клиникалық кардиохиругия және трансплантология орталығында болып, мекеменің жұмыс барысымен танысты.
Аталған орталық есімі елімізге танымал медицина ғылымдарының докторы, профессор, жүрек-қан тамырлары хирургтері қауымдастығының президенті Сейітхан Жошыбаевтың басқаруымен 2008 жылы ашылған.
Сейтхан Жошыбаев бастаған орталық мамандары бүгінге дейін Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан секілді республикалардан квота арқылы келген екі мыңнан астам сырқаттың жүрегіне ашық ота жасап үлгерген. Қазіргі уақытта орталықта 60-тан астам медициналық қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында 2 медицина ғылымдарының докторы, профессор, 3 ғылым кандидаты, сондай-ақ, 4 резидент, 2 докторант және 2 магистрант бар. Олар шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы емдеу клиникаларында тағылымдамадан өтіп, біліктілігі мен шеберлігін шыңдау үстінде.
Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының заманға сай бой көтерген әсем ғимаратында тек сапалы медициналық қызмет қана көрсетілмей, келушілерге ғажайып көңіл-күй сыйлайтын қысқы бақтың көз тартар әсем де, әдемі, жасылмен көмкерілген гүлдері арқылы науқастарға жақсы әсер қалдырады. Үш қабатты жаңа нысанның жалпы аумағы бес мың шаршы метрді құрайды. Зәулім ғимараттың алдында Тянь-Шань тауынан арнайы әкелініп профессорға Қырғызстандағы достары сыйға тарқан шыршалар егілген. Емделушілердің туған-туыстарымен кездесуіне, серуендеуіне арналған орын да бар. Клиника 60 төсектік, барлық жағдайы жасалған бөлмелерден тұрады. Еурожөндеуден өткен әр палатаның жеке душы, телевизоры, тоңазытқышы, әжетханасы бар. Отадан кейінгі сырқаттарға жақындарымен ғаламтор арқылы онлайн режимінде байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған. Орталықта емханалардың жолдамасымен келген балалар мен ересектер үшін тексеруден өту тегін жүзеге асырылады. Отаның түрлері, өзге де ем-шаралар ақылы. Мұнда ем алу үшін телефон арқылы жазылып, электронды кезекке түруға болады.
Орталықтың негізгі қызметі - инновациялық-медициналық технгологияларды пайдаланып, жоғары мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсету, сонымен қатар амбулаторлық тексерістен кешенді оңалту көмегіне дейінгі аралықта науқастарға шипа беру, кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиология аясында ғылым-білім әрекетін жүзеге асыру, дерті асқынған науқастарға хирургиялық ота жасап, мүмкіндігінше тұрғындардың өмір жасын ұзартуға, өлім, мүгедектік көрсеткіштеріне жол бермеуге атсалысу. Сондай-ақ науқастарға, оның ішінде жаңа туған нәрсетелер мен балаларға сапалы, мамандандырылған дүниежүзілік стандарттарға сәйкес кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, жүрекке элетркардиостимуляторды, кардиовертера-дефибрилляторады, кардиоресинхрондаушы құрылғыларды импланттау, коронарлық қан тамырларын стенттеу, жүрекке коронарграфикалық зерттеулер, электро-физиологиялық зерттеулер жүргізу, жүректі радиожиілік абляциялау, жүректің қуыстарын зондпен тексеру жүргізіледі.
Мамандар біліктіліктерін көтеруден бір сәт тынбай, кардиохирургия деңгейі дамыған шет мемлекеттерде тәжірибелік оқулардан өтіп келген. Бүгінде оңтүстіктегі жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын наухқастарға операция жасату үшін астаналық клиникаларға барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті кардиохирургиялық айла-шарғылар мұнда да жоғары деңгейде, жаңа технологиялардың көмегімен, білікті мамандардың қатысуымен жасалуда. Орталықта әлемнің танымал клиникаларында машықтанған кәсіби мамандаржұмыс жасайды және ол Яссауи атындағы халықарлық Қазақ-түрік университетінің, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің және дәрігерлер білімін жетілдіретін Алматы институтының ғылыми-оқыту базасы болып табылады. Содықтан пратикалық жұмыспен қатар, жас дәрігерлерді оқыту мен жүрек ауруларына байланысты ғылыми-зерттеу көптен жүргізіледі. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мекемеде жүрек ауруларының диогностикасы, оның ішінде жүктілік кезеңінде сәбидің ауруынының даму стысын анықтау, одан әрі емделудуң жоспарын бақылау, хирургиялық ем жүргізу, коронарлы жүрек аурулары, кіші инвазивті араласулар, скринингтік тексерулер, соңғы модельдегі мультиспиральді компьютерлік томографпен азаматтардың қан айналым ауруларын анықтау тәрізді медициналық қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Білім, ғылым және тәжірибене біріктіріп, арнайы маманданған ірі кәсіби клиника ретінде жаңадан құрылған орталық алдағы уақытта еліміздің оңтүстік аймағында тұңғыш рет адамның жүрек, бауыр, бүйрек маңызды мүшелерін алмастыру мәселесімен айналыспақшы. Сейтхан Жошыбаевтың клиникасы медициналық қызмет көрсету жағынан еліміздегі кардиохирургиялық мекемелердің алғашқы үздік үштігінде тұр.
Сейтхан Жошыбайұлы өзі басқаратын кардихирургилық орталықтың қалыптасып, дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет бере отырып:
- Менің өз Отаныма, туған еліме оралуым Елбасының Тапсыруымен жүзеге асырылған «Қазақстан Республикасында кардиология мен кардиохирургияны дамыту туралы 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» қабылдануымен тұспа-тұс келді. Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қамқорлығы мен өзі бас болып қадағалауының арқасында осындай биік дәрежеге жеткенімізді, әлемдік деңгейге көтерілгенімді айрықша атап айтқым келеді. Бізде енді қардиохирургиялық қана емес, трансплантологиялық емшаралар да жүзеге асырылады. Адам ағзаларын, оның ішінде бүйректі, бауырды, жүректі, өкпені алмастырып салу операцияларын жасауды, клеткалы трансплантологияны дамытуды жоспарлап отырмыз, - деді.
Орталық 2010 жылы медициналық көрсетудегі жоғары жетістіктері мен жақсы нәтижелерге жеткені үшін Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алса, 2011 жылы «ХХІ ғасыр лидері» (Оксфорд. Ұлыбритания) халықаралық имидждік бағдарламасы бойынша жоғары сапалы көрсеткіштер мен жетістіктерге қол жеткізгені үшін «Еуропалық сапа» алтын белгісіне ие болды. Ал, 2009 жылдың қорытындысы бойынша Елбасы мемлекетіміздің жоғары марапаты «Парасат» орденін С.Жошыбаевтың омырауына таққан. 2011 жылы Дүниежүзілік кардиологтар қоғамының «Алтын жүрек», 2013 жылы Францияның медициналық «Sein» атты алтын медальдарымен, «Алтын скальпель» сыйлығымен марапатталды. Сол жылы Швецарияның Женева қаласында «Сапасы үшін Еуропалық Гран-приды» жеңіп алды. Соынмен қатар, Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь мемлекеттері Ұлттық бизнес-рейтинг Одағы тарапынан Қазақстан аумағындағы шағын кәсіпорындар арасында «Міндеттер мен талаптардың көрсеткіштері» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы - 2013», «Сала көшбасшысы - 2014» атанды.
Адам денсаулығын арттыруға облыс қана емес республика халқының денсаулығын арттыруға үлкен үлес қосып отырған профессор С.Жошыбаевтың тірлігіне ризашылығын білдірген басқарма басшысы клиниканың алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, жұмыс жүргізе беруіне сәттілік тіледі.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы