Облыстық аурухананың мәжіліс залындаҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы белгіленген ұлт жоспарын насихаттау жиыны өткізілді, оған Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Жұманқұлов және облыстық аурухананың ұжымы қатысты.

Ақпараттық насихаттық топ мүшесі, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Кулкаева Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға арналған стратегиялық жоспар жайында кеңінен мағлұмат беріп, жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, Елбасы жариялаған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында медицина саласына үлкен көңіл бөлінеді. Мұндағы әрбір қадам - Мемлекет басшысының нақты практикалық тапсырмасы. Сондай-ақ, басқосуда 100 нақты қадамның медицина саласына арналған 80-81-82-ші қадамы қарастырылды. Яғни, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту және дәрігерлік қызмет сапасын арттыру.
Кездесу барысында, ақ халаттылар 100 нақты қадам көрсетілген ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері жайында ойларын ортаға салды.
 
 
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы