Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы «9» сәуірдегі № 178 бұйрығын орындау мақсатында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша облыс бойынша ведомстволық бағынысты 54 медициналық ұйымның басшыларының қызметін Меморандум бойынша міндеттемелерді орындау сәйкестігіне бағалау жүргізілді.

Бағалау нәтижесінде облыс бойынша орташа балл – 80,9-ді құрады.
8 медициналық ұйым 100 балдық көрсеткішке ие болды:
1. Облыстық СПИД орталығы;
2. Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері;
3. Байзақ аудандық туберкулезге қарсы диспансері;
4. Меркі аудандық туберкулезге қарсы диспансері;
5. Т.Рысқұлов атындағы ауданның аудандық туберкулезге қарсы диспансері;
6. Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториі;
7. Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері;
8. Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы.
 
6 медициналық ұйым 70 балдан төмен алған:
1. Жамбыл облыстық ауруханасы – 62;
2. Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы – 64;
3. №2 Тараз қалалық емханасы – 64;
4. №4 Тараз қалалық емханасы – 64;
5. Қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы – 67;
6. Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториі (Каменка) – 67;
 
2015 жылдың 22 шілдесінде медициналық ұйымдар басшыларының қызметін Меморандум бойынша міндеттемелерді орындау сәйкестігіне бағалау жөніндегі өңірлік комиссиясы кеңесі өтіп, 70 балдан төмен алған медициналық ұйымдар басшыларының есебі және 2015 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспары тыңдалды. Өңірлік комиссиясының хаттамалық шешімі бойынша 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша 70 балдан төмен алған медициналық ұйымдардың жұмысы, 2015 жылдың қортындысы бойынша бағалау жүргізу кезінде ескерілетін болады.