Жамбыл облысы тұрғындарының денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды. Оның негізінде алдағы уақытта Тараз қаласында әлемдік деңгейдегі университеттің филиалы ашылатын болады. Медициналық қызметкерлердің әлеуетін жетілдіру үшін шетелдік мамандардың көмегімен (визитинг-профессорлар) қашықтықтан оқыта отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде диагностикалау және емдеудің жаңа технологиялары мен мамандандырылған көмекті енгізу барысында қызмет ететін оқу орталығы интервенциялық кардиохирургияны дамыту мен диабет орталығын ашу, ана мен бала денсаулығын арттыруға бағытталатын жұмыстарды атқаратын болады. Сондай-ақ, аталмыш мекеме облыстағы дәрігер кадрлар тапшылығын толтыруға септігін тигізбек.
Облысымызда тұңғыш рет ашылғалы отырған орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, қыркүйек айында жұмысын бастайтын болады.
 
 
 
Толқын Өмірбаева
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
баспасөз орталығының жетекшісі