(Абайлаңыз, кенелер!)

 
Жамбыл облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандарында орналасқан.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының айқын маусымдылығы – көктем-жаз айларына (сәуір-тамыз) сәйкес келеді. Аурудың тасымалдаушылары – иксод кенелері, ал аурудың берілу жолы – трансмиссивті (кенелердің шағуы кезінде), қарым-қатынас арқылы (қан арқылы, науқастың қан бөлінділері, құрамында вирусы бар материалдардың тері немесе шырышты қабаттарға түсуі арқылы және малды кенелерден қолмен тазалау немесе жүнін қырқу кезінде).
Аурудың алғашқы белгілері залалданғаннан кейін 2-7 тәуіліктен кейін байқалады, алғашында қатты бас ауруы, әлсіздік, бұлшық еттер мен сүйектерде болатын ауру сезімімен байқалады, кейін науқас ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, құсу, дене қызуының 39-40°C дейін көтерілуі, дененің қызу сезімі бірте-бірте тоңумен алмасып отырады, бет терісінің, мойын және кеуде қуысының жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Геморрагиялық синдром денеде бөртпелердің, ине шағылған жерлерде гематомалардың пайда болуымен және мұрыннан қан кету белгілерімен сипатталады.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен зақымдану кенелердің шағуы, науқас адамнан немесе малға қарау кезінде кенелерді мыжу кезінде жүзеге асады.
Негізгі қорғану шараларына малдарды, малды қарайтын бөлмелерді дер кезінде кенеге қарсы өңдеу, мал қиларын уақытылы шығару және компостирлеу, тұрғылықты мекен жайын және есіктің алдындағы аумақты тазалау және жайластыру. Кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары ветиринарлық қызметтің көмегімен жүргізіледі, алайда оның тиімділігі сол мекеннің тұрғындарының белсенділігіне тікелей байланысты.
Тұрғындарға қарапайым қорғану шараларын білу қажет. Кененің шағуы кезде бөлінетін арнайы заттың әсерінен адам кене шаққанын сезбейді, сондықтан теріге кененің енуіне кедергі жасайтын арнайы киім кию қажет (нәскиге оранған комбинезон немесе шалбар, көйлектің жеңі резеңкелермен байланған болуы керек, терінің көрінетін бөлігіне кенелерді үркітетін заттар қолдануға болады).
Сонымен қатар, кене шаққан кезде оны алудың арнайы қауіпсіз ережесін сақтау қажет. Кенені қолмен алуға тиым салынады. Кене шаққан жағдайда, кенені пинцетпен, ақырын алу қажет. Егер теріде кененің қалдығы қалса, шаққан жерді йод ерітіндісімен өңдейді. Алынған кенені отқа жағу немесе қайнаған сумен құю қажет.
Кене шаққан жағдайда дереу медицина қызметкерлеріне хабарлау қажет. Әр бір кене шаққан жағдайда науқасқа 14 тәуілік бойы медициналық қарау жүргізіледі.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
ана мен баланың денсаулығын қорғау
бөлімінің бас маманы М.Т.Джумабаев