Жамбыл облыстық балалар ауруханасында «S.O.S.» медициналық қызметкерді шұғыл түрде шақыртудың инновациялық жүйесі орнатылып, іске қосылды. Науқастардың қауіп-қатерін басқару бойынша «S.O.S.» медициналық жүйесі - госпитальді деңгейде науқас қауіпсіздігінің сегментінде көптеген әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Аталмыш жүйені орнату үшін – отандық жеткізушілердің мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес келетін «Vienna» атты қазақстандық компания таңдалып алынды.
Аурухананың қабылдау бөлімшесінде мобильді құрылғылары бар барлық кезекші мамандардың шұғыл шақырту батырмаларымен арнайы блок орнатылған. Сол батырманы қосу барысында, сіз автоматты түрде керекті маманмен байланысқа шыға аласыз. Шақыртуды «S.O.S.» батырмасы бар қолға таққыш құралдың көмегімен де іске асыруға болады. Сондай-ақ, қызметкер мен науқас арасында қашықтықтан болатын байланыс та бар. Әр науқастың қолында арнайы қолға таққыш құрал болады, ал палатада «S.O.S.» батырмасы бар блок орнатылады. Қолға таққыш құрал төсек тартып жатқан науқас үшін өте ыңғайлы. Шұғыл жағдайда науқас SOS батырмасын басқанда, осы бөлімшедегі медбикенің постына келіп түседі. Ол медбикеде өз кезегінде палатаның дәл нөмірі бейнеленеді. Аталмыш жүйе науқастардың шақыртуларына қызметкерлердің тез әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қоса, осы жүйге тіркелген бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген. Онда SOS батырмасы бар әр блоктың жағдайы, статистикасы, жүйені пайдалану бойынша талдау бейнеленеді. Байланыс GSM модульдерінің көмегімен жасалып тұрады. Ал қолға таққыш құрал радиотолқындар арқылы жұмыс істейді.
Аурухананың бас дәрігері Марат Рабандияровтың айтуы бойынша, жаңа жүйе біздің аурухананың кішкентай емделушілеріне медициналық көмек көрсету бойынша көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Клиникалық бөлімшелер мен қабылдау бөлімшесінің жұмыстарының жаңғыруы, «триажа» жүргізу процестерін автоматтандыру, медициналық қызмет көрсету сапасының жоғарлауы, медициналық көмек көрсету бейіні бойынша мамандарды дифференциалдау, кезекші дәрігерлер мобильділігінің артуы іске асады. Бұл жүйенің ең басты міндеті – сол уақытта қажетті маманды іздеп, шақырту уақытын азайту, яғни тездету есебінен аурухананың аумағы бойынша шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқас балаларға уақытылы көмек көрсету болып табылады. Мобильді құрылғылар, маманның оқиға болған жерге жетпес бұрын, науқастың жағдайы туралы нұсқаулық алуына мүмкіндік береді. Яғни, сымсыз жүйенің екі жақты байланысы бар. Екінші жағынан, науқас шұғыл көмек қажет болған жағдайда өзінің палатасына қол таққыш құралдың көмегімен кезекші медбикені, оның қай жерде жүргеніне қарамастан шақырта алады. Соның арқасында ауыр жағдайдағы науқас пен аурухана қызметкерінің арасында үздіксіз байланыс орнайды. Бұл медбикенің постта ғана жұмыс атқармай, оның науқаспен үнемі қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді.
Облыстық балалар ауруханасы Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкес, науқас балаларды ауруханаға жатқызудың барлық деңгейінде медициналық көмектің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «S.O.S.» медициналық жүйесін енгізді. Бұл жүйе уақытылы медициналық қызмет көрсету бойынша науқас балалар мен олардың ата-аналарының ең жоғары тілектерін қанағаттандыра алады. Ал бұл жағдай, өз кезегінде халықтың медицина қызметкерлеріне түсіретін шағымдарын азайтады. Стационардағы науқастарды бақылау және шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша Жаңа технология – экономиканы Жаңғыртудың үшінші толқынына 2017 жылға арналған мемлекет басшысының Жолдауына жауап береді. Онда цифрландыру және ақпараттандыру саласының негізінде денсаулық сақтау саласында бес бастама анықталған.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы