05.04.2017ж. Астана қ-сы
Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталады
Ол туралы бүгін пресс-конференция аясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.
«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, жиі азамат бір қалада, ауданда тұрады, ал басқа мекен-жайы бойынша тіркелген.Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», - деді пресс-конференция аясында Лязат Ақтаева.
Өз кезегінде, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова тіркелу науқанының ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.
«Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», - деп түсіндірді Е.Бахмутова.
Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК ) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыретібойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананыеркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады.
Отбасы мүшелерін тіркеуотбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесінежеке басын куәландыратын құжаттарынберу кезінде жүзеге асырылады.
«Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананыңжақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде Сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады» - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрініңайтуыншаазаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды.Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жіне атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді».
Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат,әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсызба?
Ертеңсақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмекалу кезінде қиындықтар туындатпау үшін барлығын қазіранықтаумаңызды болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналармөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.
Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.
Бұл үшін Сізге емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы."Электронды үкімет" (еgov.kz)порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырыпсұрау салу қажет.Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді, сондай-ақ электрондық түрде. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.
«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және біруақытта бірнеше емханада тіркелуімүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіпАМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрдешығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады» - атап өтті Ажар Төлеғалиева.
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41