Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарыжалғасуда

«ТаразКожОбувь» ЖШС болып қайта құрылған былғары аяқ киім зауытында МӘМС-ті енгізудің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша штаб мүшелері мен зауыт басшылары мен жұмысшыларына түсіндіру жұмыстары өтті. Жаңа Заңдағы 41-ші бап денсаулық сақтау саласының түбегейлі өзгеруін көздейді. Бұрын, азаматтардың денсаулығына медициналық көмек көрсету арқылы мемлекет жауапты болатын. Енді, жұмыс беруші де, адамның өзі де жауапты болмақ. Сондай-ақ, бірыңғай қор құру жоспарланған. Міндетті медициналық сақтандырудың аймақтық үйлестірушісі Жұмағали Ысмайыловтың айтуынша, ол көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал, жұмыс беруші үшін еңбекке жарамсыздық парағыа қарағанда ай сайынғы төлем тиімдірек болмақ.
Айта кеткен жөн, мемлекет жауапкершіліктен бас тартпайды және бұрынғысынша азаматтарға тегін қызмет түрін көрсететін болады. Оған шұғыл медициналық көмек, вакцина егу, емханалық қабылдау сынды 12 әлеуметтік маңызды қызмет түрлері кіреді. Медициналық сақтандыруға көшу бірте-бірте жүзеге асырылады, сондықтан, қалтаны қақпайды,-дейді мамандар. Жылына екі рет жарна төлесеңіз, міндетті медициналық сақтандырудың қатысушысы бола аласыз. Бұл талаптар оралмандар мен шет ел азаматтарына да қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, көп балалы аналар және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар - барлығы 15 топ жарна төлеуден босатылады. Қазіргі таңда, қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 72. Мамандар, жаңашылдықтардың бұл көрсеткішті жоғарылатып, науқастардың санын азайтуға сеп боларына сенімді. Кездесу барысында мiндеттi сақтандырудың басқа ерекшелiктерi назарға алынып, талданып, тыңдарман тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының баспасөз орталығы