Тараз қаласының қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы қаланың орталығында Жамбыл даңғылы 117-а мекен-жайы бойынша орналасқан. Ғимарат 3 қабатты. 25 автокөлікке арналған жабық көлікжай, екі автокөлік жууға арналған орын, мотор цехы мен қойма бөлмелері бар.
Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы Тараз қаласындағы және жақын жатқан елді мекендерге, Байзақ және Жамбыл аудандарындағы халыққа қызмет көрсетеді. Тараз қаласының аумағын жедел медициналық көмектің 1 станция және 2 подстанция қызмет көрсетеді: подстанция №1- "Барыс", подстанция №2 - "Бәйтерек".
Жамбыл облысы денсаулық сақтау әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы №535-Ө бұйрықтың негізінде, ЖШС "ФАРМ-АЙ" бос алаңдарды басқару жолымен оңтайландыру мақсатында мұнда жедел медициналық көмектің №3 подстансасын орналастыру шешілді. "Сахпоселк" ауданында орналасқан №3 подстанса жедел жәрдемнің орталық подстансаның және 1-ші қалалық подстансаның қоңыраулар түсуін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ науқастарға неғұрлым жылдам және тиімді қызмет көрсетуге, және әлдеқайда алыс аймақта орналасқан халыққа қажетті көмек көрсетуге ықпал етеді. Онда халық тығыз орналасқан және мұнда көптеген жаңа құрылыстар, тұрғын үй кешендері бар сондай – ақ Алматы-Шымкент трассасы жақын орналасқан. Подстансаның мұндай орналасуы осы аймақта тұратын халыққа яғни коронарлық синдромы бар науқастарға 15 минутта жетуге, инсультпен және ЖКА кезінде жарақат алғандарға жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әрине орталық стансаның және №1 подстансаның «тізбекпен» жұмысы жеңілдейді. Тиісінше онда да жұмыс жақсарады. 2017 жылдың 2 ай ішінде бізде шамамен 48851 мың қоңырау түсті, және біздің болжамымыз бойынша шамамен осы қоңыраулардың 20-30 % жаңа подстансаға жүктеледі. Мұнда 6 бригада бар, олар білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, және де подстансада жедел жәрдем автокөліктерімен қамтамасыз етілген, осылайша науқасқа тез жету мақсатына жеткіміз келеді. Жедел шұғыл көмекті қажет ететін науқастарға қатысты осы подстансаны ашу өте жақсы шешім болды. Сахпаселок ауданында ашылған қосалқы станса халық саны – 99348 болатын, №1, №9, №7 қалалық емханаларға қызмет көрсететін болады.№3 қосалқы станса аумағында орналасқан 2 ірі сауда нүктелері: "Ауыл Береке" сауда орталығы және "Орталық базар", "Родничок", "Ет комбинаты","Барысхан", "Қайнар", "Педагог", "Ақжол" және т. б., саяжай массивтері, Талас ст., Қант зауыты аумағы, автовокзал, №2 автопаркі және басқа да кәсіпорындар орналасқан.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы қалалық медициналық жедел стансасы жанынан №3 жедел жәрдем кіші бекет бөлімінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, оның лентасын қиды.
Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқасының шешіміне сәйкес, жедел медициналық жәрдем стансасында жедел бөлімінің интеграцияланған электрондық карта GPS-навигациясы бар "Көмек" автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген. АБЖ жүйесі "Көмек" қоңырауларды жылдам және дұрыс қабылдауға, жедел жәрдем бригадасын басқару жеделдігін арттырды, болашақта қалада және облыста нақты уақыт режимінде барлық жедел жәрдем бригадасын көзбен бақылау, "дәл мерзімінде" келуді бақылау, шұғыл және жедел көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы