Пернекүл Дүйсеманова

 
 
Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда. Туберкулез тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, қайтыс болу жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен орны толмас зардабын тигізуде. Қазіргі кезде туберкулез жылына 4 миллионнан астам қаза табатын әлемде кең таралған аурулардың бірі.
Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы, туберкулез таяқшасын – белгілі неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылғы 24 наурызда ашқан. 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды. 
Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Туберкулез микобактериясын жұқтыру үшін аз мөлшердегі микобактериялар да жеткілікті. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Тен қана микобактерияны жұқтырғандардың 5 – 10 %ында ғана туберкулездің белсенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жүйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейд Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды. Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3 – 4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақталады.
Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауру ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.
Көп жағдайда туберкулез өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. Туберкулез дененің басқа да мүшелерін зақымдайды. Мысалы: ми, сүйек, буындар, бүйрек, бауыр, көз және лимфа түйіндер. Бұндай түрлер өкпеден тыс туберкулез деп аталынады.
Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады. Туберкулез бірте – бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілер тіпті апталап немесе айлап болуы мүмкін.
Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі – үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін:
• дене салмағының төмендеуі;
• шаршағыштық;
• ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі;
• түнгі тершеңдік;
• кеуде ауырсынуы, шаншуы;
• алқыну;
• тәбеттің болмауы;
• қан түкіру.
Осы белгілер пайда болған әр бір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс. Алғашқы медициналық – санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсолютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл, қарапайым және арзан әдіс, бұл әдісті жалпы емдеу мекемелерінің зертханаларында қолданады.
Сондай ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқы медициналық – санитарлық көмек жүйесінде «қауіп – қатер» тобы құрылады, аталғандар жылда тегін негізде флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:
Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтанда туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Олар спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Спецификалық алдын алу жолына алдын ала емдеу және туберкулезге қарсы БЦЖ егу жатады. БЦЖ егуі балаларды туберкулезден қорғайды, егер қарсы көрсетілім болмаса перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, қарсы көрстелім болған жағдайда 1 жасқа келгенше емханада жасалынуы керек. Сондай ақ балалардың екінші 6 – 7 жас аралығындағы қайта егілуі (қыркүйек айында). Спецификалық алдын алу шараларының бірі химиятерапиялық алдын ала емдеу, яғни науқастармен қатынаста болған, туберкулез жұққан балалар арасында, егер диаскинтест сынамасы оң болған жағдайда жүргізіледі. Жұқтыруды болдырмаудың бірден – бір шарасы науқас адаммен қатынаста болғандарды уақытылы тексеріп, балаларды жұқпалы ошақтардан бөлектеу, сондай ақ туберкулездің таралуын тек туберкулез науқасының уақытылы емделуімен тоқтатуға болады.
Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық аудандарда балалар-бақшасы, мектеп – интернат Меркі ауданында және балаларға арналған шипа – жайлар; Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов ауданында жұмыс істейді.
Алайда 2016 жылы облыс балалары арасында 185733 балаға, яғни облыс балаларының 54%, манту сынамасы жасалып, олардың ішінде 48579 (26%) балаға туберкулез ауруының жұққандығы анықталып, 20 балада туберкулез ауруы тіркелді.
Туберкулез ауруының арнайы емес алдын алу жолдары:
Егер адамда туберкулездің белсенді түрі болатын болса, ол кісімен ауасы тар бөлмеде ұзақ уақыт болмаңыз.
Туберкулезбен ауыратын адаммен бір бөлмеде жұмыс істейтін болсаңыз, қорғаныс бет перделерін қолданыңыз.
Егер сіздің жаныңыздағы адамдардын біреуі туберкулезбен ауырады деп күдіктенсеңіз ол кісіні дәрігерге баруға немесе емделуге көндіріңіз.
Туберкулездің таралмауының маңызды жағдайларының бірі әрдайым бөлменің ауасын тазартып тұру.
Жанұяда туберкулезбен ауырған адам болса міндетті түрде ауруды оқшаулау, балаларды ауру ошағынан оқшаулаған жөн.
2. айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
Көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді, сондықтан үйдің жарық; құрғақ болғаны абзал .
Науқас пайдаланған қағаз беторамалдарды міндетті түрде өртеу керек;.
Көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады.
Зиян әдеттерден (салына арақ ішу, темекі шегу,нашақорлық) аулақ болу. Уақтылы құнарлы тамақ ішу, демалу т.б. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік ағайын!!!