Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі аспектілері» тақырыбында брифинг өтті.
Кездесу барысында Т.Әбілдаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің тиімді тұстары, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту шаралары, оны жүзеге асыру туралы әңгімелеп берді.
- «Елбасы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында, дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан отандық медицинаны еуропалық талаптарға ұқсатуы тиіс. Осылайша, ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, елімізде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені есепке ала отырып жасалған, мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігін негізге алған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.
Жұмыс берушілер сақтандыру қорына 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап, ал мемлекет 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жарналарын аударатын болады. Сәйкес заң өз күшіне енді.
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтау туралы» Заңыныңы 5, 6, 7 баптарында көрсетілген жеке тұлғалардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу және денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы сондай-ақ 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет тарапынан жекелеген санаттағы азаматтарға жасалатын жарна мөлшері орташа жалақы есебінен 7%-ды құрайды. Бұл жерде жарна мөлшері кезеңмен көтеріліп отыратын болады: 2018 жылы - 4%, 2019 жылы - 5%, 2023 жылы - 6%, 2024 жылы - 7%.
Жұмыс берушілердің аударатын жарна мөлшері жұмысшының табысынан 5%-ды құрайды. Бұнда да аударымдар 2017 жылы 2%-дан басталып, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы - 4% және 2020 жылдан бастап - 5%-ды құрайтын болады.
Өзін өзі жұмыспен қамтушы азамттардың (дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) жарнасының мөлшері олардың жалпы табыстарынан 7%-ды құрайды. Аудырымдар бұл жерде 2017 жылдан бастап 2%, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы - 5% және 2020 жылдан бастап - 7%-ды құрайтын болады.
Жұмыскерлердің аударымдарды 2019 жылдан бастап табыстанынан 1%, ал 2020 жылдан бастап табыстарынан 2% мөлшерінде жасайтын болады.
Медициналық қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті дамытатын жеке меншік медицина мекемелеріне де бұл жүйе – ортақ болмақ. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке медицина мекемелеріне ММСЖ аясында тең жағдай туғызу керек. Себебі, меншік түрінің мемлекеттік немесе жекеменшік екеніне қарамастан, медициналық қызмет көрсету орындарына қойылатын талап бір: халыққа тегін медициналық көмек көрсету және оның сапалы болуын қамтамасыз ету. Қазақстандықтар ел экономикасының өсуі­мен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің ныға­юын, ал медициналық қызметтердің мей­лінше қолжетімді, әрі сапалы болуын қалайды.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы