Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019
жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру шеңберінде
2017 жылдың 04-12 ақпаны аралығында
республика өңірлерінде Дүниежүзілік обырға
қарсы күрес күніне арналған онкологиялық аурулардың
алдын алу мен ерте анықтау туралы онкүндік өтуде
 
 
Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 4 ақпандаДүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. 2017 жылы ол дене белсенділігін арттыруға баса ден қоя отырып, «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен өтуде.
Онкологиялық аурудың алдын алу және ерте анықтау жөнінде Дүниежүзілік күні мен –өткізіліп жатқан онкүндіктің мақсаты— онкологиялық ауруларды алдын алу шаралары, соның ішінде дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, темекіден және ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту; скринингтік тексеру кезінде онкологиялық ауруды ерте анықтау; онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы білім деңгейін арттыру арқылы онкологиялық аурудың ауыртпалығын төмендету жолдары туралы халықты ақпараттандыру.
Үнемі дене белсенділігі денсаулықты сақтауға ықпал етеді.
5 жастан 17 жасқа дейінгі адамдар дене белсенділігімен бірқалыпты және жоғары қарқындылықта күніне 60 минут айналысулары қажет.
18-64 жаста дене белсенділігімен бірқалыпты қарқында аптасына кемінде 150 минут немесе жоғары қарқында не бірқалыпты және жоғары қарқындылықты қоса отырып аптасына 75 минут айналысу ұсынылады. Дене белсенділігі жүрек пен тыныс алу жүйелеріне пайдалы болуы үшін әр жаттығу кемінде 10 минутты құрауы қажет.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. Берілген мәліметтер бойынша 2015 жылы ҚР 36438 науқас анықталған, бұл 2014 жылмен (34 352 науқаспен) салыстырғанда 9,4%-ға көп.
Өткен жылы өңірімізде қатерлі ісікпен ауыратын 1558 адам бірінші рет тіркеуге алынды (2015 жылы-1536), оның 55,6 пайызы сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Жалпы, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет.
Статистикаға жүгінсек, облыста 2016 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, арушаңдық 11,2 пайызды құрап отыр. Екінші сатыда 10,3 пайыздық көрсеткішпен тері обыры тұрса, тыныс жолдары қатерлі ісігіне шалдыққандар 9,4 пайылға жеткен. Асқазан қатерлі ісгі 9,0 пайзыды, өңеш қатерлі ісігі 5,1 пайызды құрайды.
Қазіргі таңда облыста 6263 (2015жылы-5692 адам) онкодиспансерде есепте тұрады, емдеу шаралары аурудың түріне және оның сатысына қарай жүргізілуде. Тұрғындарға облыс орталығында 135 төсектік облыстық онкология диспансері және емханалар құрамындағы 20 онкологиялық, 21 маммологиялық кабинет қажетті медициналық қызмет көрсетуде. Айта кететін жағдай 2017 жылы қаңтар айынан бастап сахпоселок аумағында (бұрынғы онкодиспансер ғимаратында) 30 төсектік хоспис ашылды. Бұл жалпы ауыр жағдайдағы науқастардың тіршілігін уақытша жақсартуға арналған.
Адамның ең қымат қазынасы- денсаулығы, оған немқұрайды қарауға болмайды. Бастысы, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн. Қатерлі ісікке тосқауыл қою үшін обырға әкеліп соғуы мүмкін деген ауруларды (предраковые заболевания) емдеу жұмысын аса көңіл аудару керек. Яғни емхана, дәрігерлік амбулатория жұмыстарын жандандыру маңызды. Мысалы сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, тері, қалқан безі обырына әкеліп соғуы мүмкін деген ауруларды емдесе ауру асқынбайды. Сондықтан әрбір адам емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға қаралған кезде әйелдер мен ерлерді қарау кабинетінен өткені жөн, осы тексеру кезінде қатерлі ісік ауруларын (әсіресе көзге көрінетін) ерте сатыда анықтауға болады.
Қазіргі таңда обырға шалдыққан науқастардың 70,0 пайызы 65 жастан асқан адамдар болып отыр. Осыған байланысты оларды емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда обыр ауруына тексеру жұмыстары жалғастырылуда. Сондықтан 65 жастан асқан адамдар емханалардағы әйелдер мен ерлерді қарау кабинетінен тексеріліп өткені жөн.
Жұртшылық қашанда медициналық көмек алуға алдымен емханаларға, дәрігерлік амбулаторияларға жүгінетіндіктен, онкологиялық сақтық шараларын жүргізуге аталған емдеу мекемелерінің мамандары үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Облыстық онкология диспансері онкологиялық сақтық принциптерін енгізу және онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында 9 семинар өткізіліп 370 дәрігер мен 205 орта буынды мамандар біліктілігін арттырды. Бұл жұмысты жергілікті онколог және маммолог дәрігерлері де жалғастыруда. Соның нәтижесінде 2015 жылы обыр ауруының I – II сатысында анықтау көрсеткіші 55,6 пайыз болса 2016 жылы 55,9 пайызға көтеріліп отыр, бүл емдеу жұмысының нәтижесі жоғары болады деген сөз.
Қатерлі ісікті анықтаудың бір жолы- нысаналы топтағы тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу. Қазіргі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау масатында скринингтік тексерулер жалғастырылуда. Мәселен былтырғы жылы 24860 әйел (50,52,54,56,58,60 жастағы әйелдер, яғни олар әр 2 жыл сайын скрининг өтеді) сүт безі обырын анықтайтын тексеруден өткізілді. Тексеру барыснда 31 әйелден сут безі қатерлі ісігі аныталды, оның ішінде I сатысндаңы-3, II сатысындағы-26, III сатысындағы-2. Дерт неғұрлым алғашқы сатыларда анықталса, емдеу нәтижесі жоғары болады.
Жатыр мойны обырын анықтаудан 23140 әйел (30,35,40,45,50,55,60 жастағы әйелдер, яғни олар әр 5 жыл сайын скрининг өтеді) тексеруден өткізілді. Тексеру барыснда 16 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі аныталды, оның ішінде I сатысндаңы-4, II сатысындағы-12. Емдеу нәтижесі жаман емес.
Тоқ ішек, тік ішек обырын анықтаудан 44214 адам (50,52,54,56,58,60, 62,64,66,68,70 жастағы ерлер мен әйелдер, яғни олар әр 2 жыл сайын скрининг өтеді) тексеруден өткізілді. Тексеру барыснда 27 адамнан тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігі аныталды, оның ішінде I сатысндаңы-4, II сатысындағы-17, III сатысындағы-6. Диагностика дұрыс болса, кеселменде күресу нәтижесі болады.
Аталған науқанның басты үндеуі – белсенді бол да, салауатты өмір салтын таңда!
Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні халықаралық ұғыну күні болды, 2016 жылы бұл күнге әлемнің 100-ден аса мемлекеті, соның ішінде Қазақстан Республикасы да қатысқан. Дәстүрлі және әлеуметтік медиа-насихат ақпараттық науқан обыр, оның алдын алу шаралары мен оны ерте анықтаудың маңызы туралы хабардарлықты арттыру бойынша күш біріктіруге мүмкіндік береді және обырдың әлемдік ауыртпалығын төмендетуге бағытталады.
 
 
Жабыл облыстық онкология
диспансерінің бас дәрігері А. Нұржанов