1.Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитарлық алғашқы  көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитарлық алғашқы  көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша  және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)  №035-2/е және № 079/е нысандары бойынша  берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама. 

2Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
 № 035-2/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі», «Диспансерлік аурулардың электрондық регистрі»   порталын тексеріп,  стандарттың 1- қосымшасына сәйкес анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді  және қызмет беруші басшылығына жолдайды  - орындау уақыты 15 (он бес)  минут;
2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер  немесе жалпы практика  дәрігерінің қойылған қолын, жеке мөрін идентификация жасап, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен  куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес)  минут.
№ 079/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика  дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталын  тексеріп, денсаулық тобын көрсетеді,       № 063/е формадан көшірме жасайды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)  №079/е нысандағы анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді  және қызмет беруші басшылығына жолдайды  - орындау уақыты 15 (он бес)  минут;
2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер немесе жалпы практика  дәрігерінің  қойылған қолын, жеке мөрін  идентификация жасап,    осыдан кейін қызметті беруші басшылығы  қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен  куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес)  минут.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
№ 035-2/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1)  учаскелік  дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің анықтамаға қолын және жеке дәрігердің мөрімен куәландыруы;
2)   қызмет беруші басшылығының  анықтамаға қолын қоюы, мөрімен куәландыруы.
№ 079/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1)    учаскелік  дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің анықтамаға қолын және жеке дәрігердің мөрімен куәландыруы;
2)   қызмет беруші басшылығының  анықтамаға қолын қоюы, мөрімен куәландыруы.
 
             3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
 
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері;
2) қызметті беруші басшылығы.     
8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
№ 035-2/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі», «Диспансерлік аурулардың электрондық регистрі» порталын тексеріп,  стандарттың 1-қосымшасына сәйкес анықтаманы толтырып, анықтама қағазына өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді  және қызмет беруші басшылығына жолдайды  - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер  немесе жалпы практика  дәрігерінің  қойылған қолын, жеке мөрін идентификация жасап,    осыдан кейін қызметті беруші басшылығы  қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен  куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.
№ 079/е  нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика  дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталын  тексеріп, денсаулық тобын көрсетеді,       № 063/е формадан көшірме жасайды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)  № 079/е нысандағы анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді  және қызмет беруші басшылығына жолдайды  - орындау уақыты 15 (он бес)  минут;
2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер немесе жалпы практика  дәрігерінің  қойылған қолын, мөрін  идентификация жасап, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы  қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен  куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес)  минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтында және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://densaulyk.zhambyl.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді  қабылдау  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  нәтижелерін беру  қызметті  беруші  арқылы  жүзеге  асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ. 
 
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) дәрігер қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, амбулаториялық медициналық картасына жалпы жағдайын жазып, еңбекке жарамды екенін тауып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағының «Жұмысқа кірісу» деген жолына келесі күнді (айы мен күні)  жазады және қол қояды, дәрігерлік медициналық сараптама медбикесіне жолдайды - орындау  уақыты 15 (он бес) минут;
2)  дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу журналына тіркеп, анықтаманы «Жұмысқа жарамсыздық парағы мен анықтама үшін» мөрін қойып, қызметті алушыға  береді - орындау уақыты 10 (он) минут;
3) егер қызметті алушы басқа қалада жұмыс жасайтын болса, қызметті беруші басшылығы еңбекке уақытша жарамсыздық парағына қолын және қызметті берушінің мөрін қойып, қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 5 (бес) минут.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
1)                еңбекке уақытша жарамсыздық парағына дәрігердің қол қоюы;
2)                дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу журналына тіркеп, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын «Жұмысқа жарамсыздық парағы мен анықтама үшін»  мөрін қоюы;
3)                 егер қызметті алушы басқа қалада жұмыс жасайтын болса,  қызметті беруші басшылығының еңбекке уақытша жарамсыздық парағына қолы мен қызметті берушінің басшылығының  мөрін қоюы.
   
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
 
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) дәрігер;
2) дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі;
3) қызметті беруші басшылығы.
8. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
1) дәрігер қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, амбулаториялық медициналық картасына жалпы жағдайын жазып, еңбекке жарамды екенін тауып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағының «Жұмысқа кірісу»деген жолына келесі күнді (айы мен күні)  жазады және қол қояды, дәрігерлік медициналық сараптама медбикесіне жолдайды - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
2)  дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу журналына тіркеп, анықтаманы «Жұмысқа жарамсыздық парағы мен анықтама үшін» мөрін қойып, қызметті алушыға  береді - орындау уақыты 10 (он) минут;
3) егер қызметті алушы басқа қалада жұмыс жасайтын болса, қызметті беруші басшылығы еңбекке уақытша жарамсыздық парағына қолын және қызметті берушінің мөрін қойып, қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 5 (бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтында және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://densaulyk.zhambyl.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
 
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламенті
 
1.Жалпы ережелер
 
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді  қабылдау  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  нәтижелерін беру  қызметті  беруші  арқылы  жүзеге  асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                                      31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген)  сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.
 
  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
 
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) дәрігер қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, еңбекке жарамды екенін тауып, амбулаториялық картасына жалпы жағдайын және «сабаққа немесе жұмысқа кірісуге» келесі күнді (айы мен күні)  жазады - орындау уақыты 20 (жиырма) минут;
2) дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі қызметті алушының амбулаториялық картасындағы дәрігердің жазбасы негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын толтырып, тіркеу журналына тіркейді, медициналық мекеменің мөрін қойып, қызмет алушыға ұсынады - орындау уақыты 10 (он) минут.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) дәрігердің қызметті алушының амбулаториялық картасына жалпы жағдайын және «сабаққа немесе жұмысқа кірісуге» келесі күнді (айы мен күні)  жазуы;
2)   дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесінің еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасына медициналық мекеменің мөрін қоюы.
 
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
 
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) дәрігер;
2) дәрігерлік сараптама комиссиясының  медбикесі.        