М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы аймақтық штаб жетекшілері Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Нұржанов Абай, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұржанов Райымбек М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері арасында кездесу өткізіп, аталмыш жүйенің ұтымды тұстарын толыққанды түсіндірді.
«Елбасы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметі 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында МӘМС-ті енгізу шараларына баса назар аудару қажеттілігі жөнінде нақты міндеттемелер берді. Сондықтан, ағымдағы жылы біз дайындық жұмыстарын мұқият орындауымыз керек», - деді Абай Құралбекұлы.
Отырыста сөз сөйлеген Раймбек Бестайұлы МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтің сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.
Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстарына студенттері белсенді қатысып, сала өкілдеріне сұрақтар жаудырды. Олардың әрқайсысына тыңғылықты жауап берген Абай Нұржанов жаңа реформаның пайдалы және тиімді тұстарын түсінікті, әрі тартымды әңгімелеген баяндамасын зор ризашылықпен қабылдады.
«Елімізде үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жұмыс беруші және тұрғындар жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Айта кету керек, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация кіреді. Егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылмақ» - деген сөзінен соң, білім ошағының оқытушылары сақтандыру қоры жарнасы туралы түсінбеген сұрақтарына жауаптар алды.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы