Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру шеңберінде «Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының» ЖШС ұйымдастыруымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөніндедене белсенділігін арттыруға баса ден қоя отырып, «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен акция өтті.
Тараз қаласы «Small» cауда орталығында 2017 жылдың 8 ақпаны күні өткен акцияның мақсаты онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары, соның ішінде дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, темекіден және ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту; скринингтік тексеру кезінде онкологиялық ауруды ерте анықтау; онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы білім деңгейін арттыру арқылы онкологиялық аурудың ауыртпалығын төмендету жолдары туралы халықты ақпараттандыру.
Акция барысында қауып қатер факторлары анықтау мақсатында антропометриялық тексерістер Индекс Кетлені, қан қысымын, қандағы қант деңгейі мен холестерин мөлшерін анықтау ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық онкологиялық диспансер онколог мамандары медициналық кеңес берді.
Акцияда 150 қамтылып, артық салмақтылықпен 13, АД қан қысымы жоғары 7, қант деңгейін жоғары 23холестериннің мөлшері жоғары екендігі 17 адамда анықталды. Қатысушыларға тұрғылықты мекен жайы бойынша толық медициналық тексерістен өтуге керектігі жайында дәрігерлік кеңес берілді.
Жастардың қатысуымен флеш моб ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, акцияға қатысушыларға денсаулықты нығайту,дене белсенділігі, темекі адам ағзасына зиян, тиімді тамақтану және обырдың алдын алу жайындағы ақпараттық оқыту құралдары таратылды.