Жамбыл облысы балалар ауруханасы бас дәрігерінің шақыртуымен облыстық балалар ауруханасының базасында Педиатрлық нейрохирургия №7 Санкт-Петербург департаментінің басшысының қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өтті. Сонымен қатар семинарға облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтері, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары, дәрігер неонатологтар, реаниматолог, қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері, хирургтар, сондай-ақ ОҚО невропатологы, Жуалы ауданының қызметкерлері мен қалалық балалар ауруханасының реаниматологтары қатысты. Жиын барысында конференцияға қатысушылар мен оқытушы арасында «Жаңа туған нәрестелердің орталық жүйке жүйесі аурулары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда жаңа туған нәрестелердің барлық өзекті мәселелері жоғары деңгейде қарастырылды. Алдағы уақытта оқытушы мамандардың тәжірибесі мен клиника арасындағы ынтымақтастықты одан әрі алмасу шақырылды. Жамбыл облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі мен дәрігерлерге ғылыми және практикалық көмек көрсеткені үшін Санкт-Петербургтен келген нейрохирург Александр Ким алғысын білдірді.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы