2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамыту туралы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жыл сайынғы тұрғындар арасында жатыр мойны обыры туралы» онкологиялық диспансердің дәрігерлері сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Обырдың қатерлі ісік ауруы әлемде оның ішінде Қазақстан Республикасында да өзекті мәселе болып отыр. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда жатыр мойны обырын ерте анықтау, оны емдеу аса маңызды болып есептеледі.
Облыстық онкологиялық диспансерінің диагностикалық кеңес беру бөлімінің жетекшісі Беккүлиев Кенжеханның айтуынша қазіргі таңда жатыр мойны обырын зерделеу туралы Халықаралық агенттігінің мәліметіне қарағанда, бүгінде әлемде жыл сайын 500 мың жатыр мойны обыры тіркеліп, оның 300 мыңға жуығы қайтыс болады, қатерлі ісік ауруына көбінесе 40-60 жастағы әйелдер арасында кездеседі. Соңғы жылдары бұл ауру жасарып, 40 жасқа толмаған әйелдер арасындағы жұмысқа жарамды әйелдер арасында да кездесуде, - деді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жатыр мойны обырын ерте анықтау туралы скринигті енгізу маңызды болып отыр, себебі жатыр мойны аурушаңдығы және өлім көрсеткіші жоғары болуда. 100 мың адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші-8,4, өлім көрсеткіші-3,9 құрайды.
Жамбыл облысы бойынша жатыр мойны обырының аурушаңдық көрсеткіші 2014 жылы-5,3, 2015 ж.- 5,2, 2016 ж. - 4,4, өлім көрсеткіші 2014 ж. - 5,7, 2015 ж. - 5,1, 2016 ж. - 4,6. Жатыр мойны обырын ерте сатыда анықтау скринингтік тексерудің арқасында аурушаңдық көрсеткіші мен өлім көрсеткіші төмендеуде.
Обырдың ісік ауруын ерте анықтаудың бір түрі әйелдерді скринингтік тексеруден өткізу. Бұл емдеу жұмысына әсер етіп, яғни оның I- II сатысында толық емдеуге болады.
Скрининг - Жамбыл облысында жатыр мойны обырын ерте анықтау мақсатында 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Тексеруден нысаналы топтағы 30 бен 60 жас аралығындағы әйелдер, яғни 30,35,40,45,50,55, 60 жаста тіркелген емханасында әр 5 жыл сайын өту керек. Статистика мәліметтері бойынша 2015 жылы 23140 әйел тексеруден өткізіліп, тексеру барысында 1085 жатыр мойны аурулары (предрак) табылды, оның 4,7% жатыр мойны обыры - 10 (0,04%) олардың барлығы I- II сатысында анықталды, емдеу нәтижесі өте жоғары.
Облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Мамадиарова Ақтолқын өз алдына облыстық онкологиялық қызметінің жұмыстары жайында айтып берді. Сонымен қатар 2016 жылы 23140 әйел тексеруден өткізіліп, тексеру барысында 1750 жатыр мойны аурулары (предрак) табылды, ол 7,6% жатыр мойны обыры - 16 (0,04%) олардың I- сатысында - 4, II сатысында - 12 ауру анықталды, емдеу нәтижесі өте жоғары,- деді.
Жатыр мойны обырын алдын алуда мынаны ұмытпау керек:
- салауатты өмір салтын жүргізу;
- әйелдер мен әсіресе, жас жасөспірім қыздар арасында жыныстық катынастар туралы білімдерін арттыру, жыныстық қатынас гигиенасын білу;
- жатыр мойны обыры алды ауруларын (предрак) уақтылы емдеу;
-жатыр мойны обырын ерте анықтауда нысаналы топтың скринингтік тексеруден уақтылы өту;
- темекі шекпеу;
Жалпы айтқанда жыныстық қатынастың гигиеналық сақтығына жоғары назар аудару керек. Жыныстық қатынасты ерте бастау, ретсіз жыныстық қатынас, контрацепциялық құралдарды қолданбау жатыр мойны ауруларына және жатыр мойны обырына әкеліп соқтыруы мүмкін.Жыныстық қатынас тәрбиесін мектеп қабырғасынан бастаған жөн.
Әрбір әйел жатыр мойны обырын ерте анықтауды, жатыр мойны ауруларын ерте емдеу, жыныс органдары арқылы берілетін ауруларды білу қажет.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз орталығы