№8 қалалық емханасының

бас дәрігері Такура Аденова

 
 
Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Президенттің Жолдауы ерекше болып отыр. Оның ерекшелігі, Президент өз Жолдауында жаңғыртудың үшінші кезеңіне көшетінін мәлімдеген. Енді біз жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуымыз қажет екенін атап өтіп және де осы модель жаңғыртудың үшінші кезеңіне сай келуін және көптеген салаларды қамту керек екенін айтады. Жалпы, бұл арнайы мәлімдемеде келтірілген негізгі экономиканың өсімін қамтамасыз ететін тетіктерге келетін болсақ, өзіміз көріп отырғандай, ендігі кезекте шикізаттық бағыттан индустриалды бағытқа бет бұрып, сонымен қатар банктік сектор арқылы, жекеменшік секторын дамыту арқылы бұл бағыттардың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, негізінен ең бірінші салмақ соған түсетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұқаралық кәсіпкерлік қоршаған орта бизнесін дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етуге өзінің септігін тигізуі керек. Әрине, экономиканың өсімі адам капиталының дамуынсыз болмайды. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау саласындағы ең негізгі стратегиялық шаралардың жүйесіне келтірілген.
Сонымен қатар, адами капиталдың әлеуетін жоғарылату үшін білім, денсаулық саласында көптеген реформалар жүзеге асырылуы қажет. Бірте-бірте асырылады деп ойлаймыз. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру сияқты басқа да процестер жүзеге асады және де ол еліміздің дамуына көптеген септігін тигізеді деп ойлаймыз. Себебі, мұны бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде қарастыруға болады. Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтынын атап өткен. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденгенін және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады деп халыққа медициналық сақтандыру туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген. Осы аталып отырған тапсырманы жүзеге асыру біздің тікелей міндетіміз деп түсіну қажет.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылатындығын және базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатынын атап өткен. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсірілетінін жәнеең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек деп елбасы халықтың да жағдайын ойлап отыр.
Осы жоғарыда аталып өткен барлық мәселелер уақытында орындалып Қазақстан халқының экономикалық хал-ахуалын көтеруге атсалысып және жүзеге асыру біздің негізгі міндетіміз деп ойлаймыз.