Қалалық №7 емханасының

бас дәрігері Динара Сарсенова

 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ол – әлеуметтік – экономикалық, саяси – қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер. Тәуелсіздікдіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын – қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын. Бүгінде Қазақстан іргесі биік ірі мемлекетке айналды. Қай салада да қарқынды дамып, толағай табыстарға кенелді. Қазақ елі күллі әлемге танылды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің табыстары мен айқын жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Елбасы Елдің даму тарихына қосқан үлесі зор. Жыл сайынғы халыққа арнаған жолдаулары ел дамуының бағыттарын айқындап, саралап қана қоймай, осы мақсаттарға жету үшін жағдай жасауда. Президент халықтың сенімін ақтап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыра білді. Саяси және экономикалық салада жүргізген салиқалы реформалары Қазақстанды қазіргі деңгейге жеткізді. Президенттің халықаралық аренада беделі мен рөлі әрі арта түсті. Елбасымыз әлемнің ең жоғары, ең мәртебелі төрі мен мінбері Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-ші мерейтойлық сессиясында қазақ тілінде сөйлеп, ұлт абыройын асқақтатты.
Қазақ тілі тұңғыш рет осындай дүниежүзілік дәрежеге көтерілді. Бұл тәуелсіздігіміздің жемісі – Елбасының жемісі деп білемін. Республикамызбен бірге ежелгі Тараз қаласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде тараздықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламын. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы болу – зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды және әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Мемлекет басщысының бағытын қолдап, жаңа табыстар мен жетістіктерге жете берейік.