Жамбыл облыстық кеңес беру
және диагностикалық орталығының
бас дәрігері Нұрлан Әбілдаев
Президент жолдауында елді дамытудың 2017 жылға, жақын жылдардағы дамуының стратегиясы бойынша «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауын іске асыру міндетін қамтамасыз ету үшін, басты бес негізгі басымдығын белгілеп отыр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа экономикалық дамудың моделін құру қажеттілігіне тікелей тоқталды.
Президент денсаулық саласын әрі қарай реформалаудың басты кілті медициналық қызметтерді оңтайландыру мақсатында IT технологиялар енгізу, «Медициналық қызметті электронды форматқа көшіру», мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы айтады. Бұл жүйенің тиімділігі дүниежүзілік тәжірибеде анықталған.
Сондай ақ заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі- дәрмектің бағасын реттеудің қажеттілігін айтты. Медициналық сақтандыру қатысушыларына кең ауқымда медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік алсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі деп Елбасы белгіледі. Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады, өйткені ол тікелей азаматтар үшін қол жетімді болады. Өзін –өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық – емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету қарастырылған.
Медициналық сақтандыруы бар азамат медициналық мекемені таңдай алады. Осы арқылы жекеменшік ауруханалар мен мемлекеттік ауруханалардың қызмет сапасы артатын болады. Бұл үлкен бәсекелестікті тудырады. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу туындайды.