Жамбыл облыстық

наркологиялық диспансерінің
бас дәрігері Жақып Жексембиев
 
 
Елбасымыздың биылғы Жолдауы тұңғыш рет жазбаша түрде жарияланды. 1997 жылдан бастау алған Жолдау – 2017 ел Президентінің халқына арнаған жиырма бірінші стратегиялық Жолдауы болып табылады. Биылғы Жолдау Қазақстанның Үшінші жаңғыруына арналды. Негізінде, биылғы жылы қазақстандықтар үшін Жолдау тек жазбаша түрінде жарияланғанымен ғана емес, Елбасының алдымен халыққа Үндеуімен де ерекшеленді. Елбасымыздың үндеуінде айтылған өзгерістерге келетін болсақ, біріншдіен, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Екіншіден, бұл саяси биліктегі екі негізгі тармақтың Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, үшіншіден, бұл үкіметтің де жұмысының, парламенттің де жұмысының кәсібилігін олардың жауапкершілігін, елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттыруға сонымен қатар тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Президенттің өзі бүгінгі әлемнің өзгергенін, қазіргі заманның дидары басқаша болып отырғанын айтып отыр. Ал мұндай өзгерістер дүние жүзінде өріс алды және біздің елді де қамтыды. Осыған сәйкес отанымыз дәстүрлі қоғамнан гуманистік қоғамға қарай бет бұрды. Бұндай ерекшелік үндеуде баса айтылды.
Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.Биыл мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанның технологиялық жаңғыруының шешуші бағыттары нақты баяндалған.
Қазақстанның Үшінші жаңғыруының шешуші басымдықтарының бірі экономиканы жедел технологиялық жаңарту болып табылады, сол үшін Елбасымыз бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды төмендетіп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытқан жөн екендігін атап көрсетті. Яғни, енді әрбір азамат үшін өз жағдайын жасап, бизнес жасауға, сол арқылы еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуына кедергілер жоқ . Елбасымыздың айтуынша, стратегиялық мақсатымыздың бірі – шағын және орта бизнестің елдің ішкі өніміндегі үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету керек. оны орындау үшін де Президентіміз бірнеше қадамдарды атап көқрсетті.
Сонымен қатар, биылғы Жолдаудың тағы бір басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту болып табылады. Н.Назарбаев өзінің Жолдауында білімнің маңыздылығына ерекше көңіл бөлгенін атап айтқым келеді. Өйткені, кез келген елдің болашағы, жалпы білім берудің деңгейіне байланысты болады. Ол үшін бірінші кезекте білім беру жүйесінің рөлін өзгертуіміз керек. Қазіргі кезде ақпараттың 90% ағылшын тілінде жарияланады екен. Жалпы білім беру орындарында 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде кезең-кезеңмен оқытылатын болады. Сондай-ақ, Елбасымыздың тапсыруымен биылғы жылдан бастап әлеуметтік аз қамтылған қоғам мүшелері үшін «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы да іске асырыла бастады. Жолдауда аталған тегін оқытумен ең алдымен жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс екендігі айтылды. Жастар – біздің болашағымыз. Елбасымыз әсіресе жастар мәселесіне көп көңіл бөлетінін біз жақсы білеміз. Елбасының жариялаған жаңа саяси және экономикалық бағыт, біріншіден, жақсы білім беруді заманауи лайықты болашақ жасауды көздейді.
Президентіміз биыл білім берумен қатар, денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс екендігін сөз етті. 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл жүйенің енгізілуі, әуелі, еліміздің әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігімен оң шешім болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап және одан кейінгі жылдарда да Елбасы халық денсаулығын жақсартуда бірізді саясатты жүргізуде. Елде медициналық-демографиялық жағдайдың оң өзгерісі, әлеуметтік маңызды аурулардан болатын аурушаңдылық пен өлім-жітімнің, ана мен баланың қазасының төмендеуі байқалуда.
Жолдауда айтылған адами капиталдың сапасын жақсарту басымдығының тағы бір қадамы ол – әлеуметтік қамтамасыз ету саласына байланысты. Елбасымыз биыл да зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларды өз назарынан тыс қалдырған жоқ. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20%-ға дейін арттырылса, бала туылғанда берілетін бер реттік жәрдемақы мөлшері де 20%-ға дейін көбейеді.
Жолдаудың тағы бір басымдығы – ол институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдайтынымызды айта кету қажет. Ұлт көшбасшысының аталмыш саяси маңызы зор құжатта халыққа жүктеген тапсырмаларын орындау мақсатында біздің белсене атсалысатынымызға сенім мол. Бүгінде елімізде сан алуан ұлт өкілдері Құдайға құлшылық етуде. Алайда еліміздің тыныштығына, бейбіт өміріне қауіп төндіретін қаскөйлер де жоқ емес. Олармен күрес бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселе де Елбасымыздың Жолдауында көрініс тапты. Президент халқына Жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігін, қоғамда радикалды көзқарасқа байланысты кез келген іс-әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігін айтты. Сонымен қатар, Елбасымыз тек Қазақстанның емес, бүкіл әлемнің елдеріндегі белең алған дерт – сыбайлас жемқорлықпен күрестің де жолдарын атап өрсетті. Яғни, сыбайлас жемқорлық көріністерінің салдарымен емес, бастапқы себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту керектігін айтты.
Жолдау көңілімізге қуат беріп, қазақстандықтардың өмірін жаңғырта түсудегі Елбасымыз таңдаған бағыттың тұрақтылығына дегене сенімімізді нығайта түсті. Президенттің Жолдауы ертеңгі күнге сенімділік береді, қойылған міндеттерді орындау барлық Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, халықаралық деңгейде мемлекеттің рөлін арттырады.