Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2017 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов төрағалық жасаған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен емдеу алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тлеухан Әбілдаев өз сөзінде Елбасының 2015 жылдың 29-қарашасындағы Жарлығымен бекітілген еліміздің денсаулық сақтау ісін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыстың денсаулық сақтау саласының халыққа медициналық көмек көрсету жолында қол жеткізген біршама жетістіктерін атап өтті.
2016 жылы салаға 39 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен – 14,6 млрд., ал республикалық бюджеттен – 24,4 млрд. теңге. Жергілікті бюджеттен бөлінгенқаржы - 100 пайыз игерілсе, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы - 99,99 пайызға игерілді.
Медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 831,0 млн. теңгеден астам қаржыға 76 бірлік қажетті медициналық техника сатып алынды. Оның ішінде кардиологиялық қызмет үшін - 445,3 млн. және ана мен бала денсаулығын қорғауға - 165,7 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды.
Бүгінгі күні медициналық ұйымдардың жабдықталуы - 73,63 пайызды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда - 7 пайызға артқан (2015 жылы - 68,14) (ҚР-69,86-дан 71,6%-ге дейін).
Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының жедел көмек қызметіне 120,6 млн теңгеге 20 автокөлік алынды.
Жергілікті бюджеттен халықты тегін амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 2,3 млрд. теңге бөлінді.
Облыстық мәслихаттың шешімімен орфандық ауруларды емдеу үшін 291,0 млн. теңге бөлінді.
2016 жылдың қортындысымен жалпы өлім-жітім көрсеткіші тұрақты болып тұр, 1000 тұрғынға шаққанда 6,1-ді құраған. Туу көрсеткіші - 3,4 пайызға (23,7-ден 22,9-ға дейін), осыған сәйкес табиғи өсім - 17,6-дан 16,9-ға дейін төмендеген.
Саладағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аурушаңдықтың және өлімнің негізгі көрсеткіштері біршама аазйған.
Бүгінде облыс бойынша 63 кардиохирургиялық төсектер бар, оның 50-і ересектерге, 13-і балаларға арналған. 2016 жылы барлығы - 2559 коронароартерияграфия жасалған (2015 жылы - 2128).
Жыл қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінен аурушаңдық9 пайызға, (2826,8-ден 2571,5-ке дейін 100 мың адамға шаққанда)осы ауруданөлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда - 18,6 пайызға төмендеді (2016 жылы – 145,9 құрады, 2015 жылы - 179,2).
2016 жылықатерлі ісіктерден өлім 100 мың адамға шаққанда2015 жылмен салыстырғанда - 3,6 пайызға азайып, 78,2 құрады (81,1 – 2015 ж.).
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып, аурушаңдық - 5,7 пайызға (58,1-ден 54,8-ге дейін) және өлім - 7,7 пайызды (3,9-ден 3,6-ға дейін) құрады.
Облыста жергілікті атқарушы органдар тарапынан бөлінетін қаржы көлемі артуда. 2015 жылы жергілікті бюджеттен 26,9 млн., 2016 жылы - 42,7 млн теңге бөлініп, 37 пайызға артты.
2016 жылы санавиацияға - 1289 (2015 ж. - 1879) шақырту түскен (349 - балаға (27%), 128 – жүкті әйелдерге (10%). Әуе көлігімен медициналық көмек көрсету - 139-ды (2015ж. - 164) құрап отыр.
Бүгінгі күніоблыстағы барлықдәрігерлер саны - 2822 (2015 жылы - 2724), орта буын медицина қызметкерлері – 9974 (2015 жыл - 9862). Дәрігерлер тапшылығы - 82 адам, оның ішінде аудандар бойынша – 40.
2016 жылы облысқа келіп, жұмысқа орналастырылған 99 жас мамандардың 66-сы ауылдық жерлерде жұмыс жасауда, олардың 64-і - 800,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды.
2016 жылы 250 келушіге арналған Меркі ауылындағы және Қаратау қаласындағы аудандық емханалар іске қосылды. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен бөлінген 365,0 млн теңгеге 4 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.
2017 жылға қойылған міндеттер:біріншіден - халыққа сапалы медициналық көмектің көрсетілуі ең басым бағыт болып қала береді; екіншіден - ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті мен инсультті басқарудың, жарақат барысында көмек көрсету, онкологиялық ауруларды басқарудың ықпалдастырылған үлгілерін енгізу бойынша Жол карталарында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі; үшіншіден - туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға баса назар аударылатын болады; төртіншіден - денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпараттық жүйені енгізу жұмыстары, бесіншіден - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшуге дайындық жұмыстары жалғасын табады; алтыншыдан - азаматтардың шағымдарын болдырмау, сала қызметкерлерінің этика және деонтология ережелерін қатаң сақтауына ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, алқа мәжілісінде облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Айгүл Айтбаева «Ана және бала денсаулығын қорғау қызметін басқарудың ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша Жол картасының орындалу барысы туралы» баяндады. 2016 жылдың 12 айында жол картасындағы босануға көмек беретін стационар деңгейінде 9 индикатордың 7-не (77,8%)қол жеткізілді. Олар - перинатальды өлім, ауыр жағдайлардың үлес салмағы, босанудан кейінгі қан кетудің үлес салмағы, ауруханаішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелерді екпемен қамту, диагноздардағы айырмашылықтардың үлес салмағы, негізді арыз-шағымдардың болуы. Ал, қалған 2 индикаторға қол жеткізілген жоқ (22,2%). Олар облыстық перинаталдық орталығындағы ана өлім-жітімінің алдын алу және акушер-гинеколог, неонатолог және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлермен облыстың жалпы қамтамасыз етілуі.
«Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың Жамбыл облысында орындалу барысы туралы» баяндаманы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қайрат Жетібаев жасады. Туберкулез және оның көптеген дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарға амбулаториялық және стационарды алмастыратын көмекті кеңейту арқылы туберкулезге қарсы қызметті реформалау тармағы бойынша 2016 жылдың 1 қантарында облыста 620 тәуліктік төсек болған, оның 135 тәуліктік төсегі оңтайландырылды (21,7%).
Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында пенитенциарлық секторда Жамбыл облысы бойынша флюроографиялық тексерістен 2016 жылдың 12 айында - 5507 жазасын өтеушілер өткізілді (2015ж.-7114). Сыртқы көшіп-қонушылар арасында 2016 жылдың 12 айында флюрографиялық тексерістен - 812 адам өтті, оның ішінде Өзбекстаннан келген 4 адамнан туберкулез ауруы анықталып, бүгінгі танда ем қабылдауда.
Қорытындылай келе, алқа төрағасы Ерқанат Манжуов «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламаламасы мен облыс әкімі және Министрлік арасындағы Меморандумда көрсетілген нысаналы индикаторлардың орындалуын бақылау; денсаулық сақтау нысандарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жұмысын жалғастыру; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшуге дайындық жұмыстарын жалғастыру; ана және балалар денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті мен инсультті басқарудың, жарақат барысында көмек көрсету, онкологиялық ауруларды басқарудың ықпалдастырылған үлгілерін енгізу бойынша Жол карталарында көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; сала қызметкерлерінің этика және деонтология ережелерін қатаң сақтауын бақылауға алу, шағымдарға жол берген басшылардың жауапкершілігін қатаң қарау жөнінде тапсырмалар берді.
 
 
 
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз орталығы